Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

«5-10-20»: үйсіздердің үміті ақтала ма?

«Айқын» ақпарат
Мамыр 15, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
«5-10-20»: үйсіздердің үміті ақтала ма?
516
қаралым

Күні кеше Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев «5-10-20» тұрғын үй бағ­дар­ла­масының іске қо­сы­ла­тынын мә­лім­деді. Пре­зи­денттің сөзінше, биыл Қазақстанда рекордтық мөл­шерде баспана салынбақ. Жаңа бағдарламаның шарт­та­ры қалың бұқараға тиімді ме?

Жалпы, Қазақстан нарығында ипо­текалық бағдарламалар жыл­дан-жылға көбейіп жатыр. Әр­қай­сысының мүмкіндігі мен талабы әртүрлі. Қоғамға қозғау салған бағ­дарламаның бірі «7-20-25» еді. Бас­қа да екінші деңгейлі банктердің ипо­текалық бағдарламаларымен са­лыстырғанда әлдеқайда тиімді бо­латын. Оның пайыздары төмен бел­гіленді. Бірақ сол «7-20-25» ар­қы­лы жапатармағай баспанаға қа­рық болған халықтың қарасын бай­қа­ма­дық. Неге? Өйткені аза­мат­тардың қо­лында бірден 20 пайыз құятын ақ­ша жоқ. Бұл бір деп қояйық. Екін­шіден, көбінің мойнында несие бар. Бағдарламаны жүзеге асыратын банктер электронды «Скоринг» жүйе­сінің көмегімен үміткердің тө­лем қабілетін анықтайды. Қарызға бел­шесінен батқан адамға ешкім қай­тадан қарыз бермейтіні түсінікті. Ал ең негізгі себеп – ел-жұрттың та­бысы аз. Айлығы шайлығынан ас­­пайды. Банктер, әрине ондай клиент­тен ат-тонын ала қашады.

Сондықтан шығар, кей сарап­шы­­лар мұндай ипотекалық бағдар­ла­маларға күмәнмен қарайды. Мы­салы, Мұхтар Тайжан сынды эко­номистердің пікірінше, жаңа бағ­дарлама да баяғы сарынның жал­­ға­сы. Тек «7-20-25»-тің орнын «5-20-25» бас­қан. Тұрғын үй құры­лыс жинақ бан­кінің орнына «Отбасы банкі» кел­ді. Бары сол-ақ.

Баспана бағасы шарықтап барады

Қазақстанда тұрғын үй бағасы неге қымбаттап жатыр?

Ақтөбе облысында тұрғын үйден екі адамның мәйіті табылды

Алайда GSB UIB бизнесті тал­дау орталығының сарапшысы Мақ­сат Халықтың ойынша, «5-20-25» бағ­дар­ламасының тиімді тұсы көп. Ең бастысы, бастапқы жарна 10 пайыз­ға, яғни екі есе төмендеді. Жылдық мөлшерлеме 5 пайызға түсті.

– 5 пайыз деген дағдарыс бас­та­лып жатқан қазіргі жағдайда қан­шалықты қиын екенін ұғынуымыз ке­рек. Банктердің халі нашар. 3 айлық каникулға байланысты олар­ға да ақша түспей тұр. Былайша айт­­қанда, «5-20-25» дегеніміз – мем­ле­­кеттің батыл қадамы. Толық жүзе­ге асырса, халыққа өте қолайлы ба­ғ­дар­лама болмақ, – дейді экономист.

Рас, Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкінде 5 пайыздық несие бая­­ғыдан бар. Мойындау керек, бұл – ипотека нарығындағы ең тө­мен­гі пайыз. Бірақ оның өзіндік шарт­тары болды. Үміткер әуелі де­позит ашады, сонда 3 жыл бойы са­лым салады. 3 жыл бойы сол қа­ра­жатты банк айналымда ұстап, өз игілігіне жаратады. Содан кейін ға­на клиентке 5 пайыздық несие рә­сімделеді. Ал жаңа бағдарламаның шарт­тары қандай? Сұраққа жауап іздеп отырып Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкіне хабарластық. Те­ле­фон тұтқасын көтерген банк қыз­меткері Шахмұхаммед Жаһан «5-20-25» бағдарламасы тек тұрғын үй кезегінде тұрған жандарға арнал­ға­нын айтты.

– Әзірге бағдарламаға қатысты еш­қандай құжат жоқ. Шамамен бір ай­дың ішінде әзірленуге тиіс, – деп қысқа қайырды банк өкілі.

Айтпақшы, Президент осы «Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі» не­гізінде толыққанды даму және қол­дау институты ретінде «Отбасы бан­кін» құруды тапсырған.

– Ол («Отбасы банкі» – ред.) тұрғын үйді есепке алуды, қоюды жә­не бөлуді орталықтандырып жү­зеге асырады, – дейді Қасым-Жо­март Тоқаев. «Отбасы банкі» жай­лы біздің де білетініміз – осы ға­на. Нақты жұмыс механизмі әлі бей­мәлім.

Негізі, 5 пайызбен жөн-жосық­сыз несие тарата берсе, банктер шы­ғынға ұшырайды. Неліктен? Се­бебі Ұлттық банктің базалық пайы­зы – 9,5 пайыз. Мемлекет бө­ліп отырған 390 млрд теңге сол 4,5 пайыз айырманы жоюға ба­ғыт­талады. Банктің шығындарын суб­си­диялайды. Қаржыгерлер тілінде мұ­ны «секьюритизациялау» дейді.

Қош. Жаңа бағдарламада ескі бағ­дарламаның кемшіліктері еске­рі­ле ме? Иә, белгілі дәрежеде жеңіл­дік­тер жоқ емес. Әйтсе де, қазір де ха­лықтың табысы шығанға шырқап кет­­кені шамалы. Азаматтар әлі не­сие­сінен құтылған жоқ. Кендірді жіп­ке жалғап, әупірімдеп әрең кү­нелтіп жүрген тұрғындардың ал­дынан тағы сол «төлем қабілеті» де­ген талап кесе-көлденеңдеп шы­ғатыны айдан анық. Демек, бізге тө­лем қабілетін анықтаудың жаңа формуласын жасау қажет сияқты. Неге десеңіз, мұндай бағдарламалар халықтың әлсіз топтарына арналған. Әлсіз топтар дегеніміз – төлем қа­­­­білеті төмен немесе жоққа тән аза­­­маттар. Енді мына қарама-қай­шы­лыққа қараңыз: Үкімет тұрмысы нашар отбасыларға деп бағдарлама жариялайды, ал нағыз жарлы-жа­­­қыбайлар оның игілігінен құр қа­лады, жұтаған үстіне жұтай түседі. Сон­да олар қашан және қалай үйлі бо­лады? «5-20-25» бағдарламасы тұр­­ғын үй кезегіне тіркелген аза­мат­­тарға ғана ұсынылса, кезекке тұра алмаған, тізімге кіре алмаған от­ба­сылардың обалын кім ойлайды? Сауал көп, жауап жоқ.

Сонымен, «5-20-25» бағдар­ла­ма­сының шарттары:

5% – жылдық мөлшерлеме;

10% – бастапқы жарна;

20 жылға дейін – қарызды өтеу мер­зімі.

Мақсат Халық осы шарттар­ға сүйе­ніп, ипотекалық калькуля­тор­мен мынадай есеп шығарыпты:

– Тұрғын үй бағасын мысалға 10 млн теңге делік. Бастапқы жарна – 1 млн теңге. Жылдық мөлшерлеме – 5 пайыз. Несие мерзімі – 20 жыл. Сон­да 9 млн несие аламыз. Оны 240 ай­ға бөлеміз. Ай сайын 59 396 теңге тө­лейміз. Дөңгелектесек, 60 мың тең­ге. Жалпы төлем 15 млн 225 мың тең­ге болады. Артық төлем –  5 225 мың теңге. Яғни, жалпы соманың 58 пайы­­зын құрайды. Өте тиімді. «7-20-25» бағдарламасы бойынша 10 млн-ды 18-19 млн қылып қай­тарар едік. Мынаның қайтарымы да, бастапқы жарнасы да аздау, – дей­ді экономист. Ал банктердегі пайызы тіптен жо­ға­ры. Мәселен, 10 млн теңгенің үйін екін­ші дең­гейлі банктерден ипо­те­камен ал­ғыңыз келсе, шамаман 30-40 пайыз бастапқы жарна салуға мәж­бүр бо­ласыз. Егер 40 пайыз жар­на сал­саңыз, 6 млн теңгені бан береді. Жы­лына 15 пайыздық өсім­мен 10 жыл­ға алсаңыз, 6 млнға жуық теңге ар­тығымен төлейсіз. Бұл жал­пы со­маның 58-60 пайызына тең. Ал ипотека мерзімі 20 жыл болса, ар­тығымен төлейтін сомаңыз бұдан да асып түседі.

Мемлекет басшысы биыл 15 млн шаршы метр немесе 150 мың үй мен пәтер салынатынын хабарлады. Ол аз ба, көп пе? Әрине, 150 мың от­ба­сы жаңа шаңырақты шаттыққа тол­тырса, аз деуге аузымыз бармайды. Бірақ 150 мың баспана халықтың елеулі бөлігін қамтиды деу және қиын. Өйткені елімізде 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 540 мың адам үй кезегінде тұр. Одан соң баспаналы болудан үміт етіп жүр­ген 212 мың адам тағы бар. Олар әскерилер, мемлекеттік қыз­­­мет­керлер, бюджеттік сала ма­ман­дары. Оның үстіне, 390 млрд теңге де үлкен өлшеммен санағанда аса көп ақша емес. Демек, «5-20-25» бағдарламасы мемлекеттің баспана мәселесін ше­шудегі балама жолы болса керек.

 

Еркебұлан НҰРЕКЕШ

 

 

 
Тегтер: 5-10-20бағдарламабаспанатұрғын үй
Алдыңғы жаңалық

«Балалар мектепте оқысын» деген петицияға Аймағамбетов жауап берді

Келесі жаңалық

Нұргүл Мауберлинова Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан, газ, Өмірзақ Шөкеев
Жаңалықтар

Шөкеев Түркістан облысында табиғи газ қосылған үйлерді түгел тексеруді тапсырды

Наурыз 2, 2021
Боран «естен» тандырды
Әлеумет

Боран «естен» тандырды

Наурыз 2, 2021
коронавирус, ауру, науқас
Жаңалықтар

Бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Наурыз 2, 2021
томография
Әлеумет

Ақмолада тегін томография тапшы

Наурыз 2, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шөкеев Түркістан облысында табиғи газ қосылған үйлерді түгел тексеруді тапсырды

Наурыз 2, 08:32

Боран «естен» тандырды

Наурыз 2, 08:30

Бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Наурыз 2, 08:07

Ақмолада тегін томография тапшы

Наурыз 2, 08:00

Талғарда анасына ота жасайтын хирургті ұрып, қашып кеткен тұрғын ұсталды

Наурыз 2, 07:48

Шолақ жарнамадан құтылатын күн жақын

Наурыз 2, 07:30

2 наурызға арналған ауа райы болжамы

Наурыз 2, 07:17
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Түркістан, газ, Өмірзақ Шөкеев

Шөкеев Түркістан облысында табиғи газ қосылған үйлерді түгел тексеруді тапсырды

Наурыз 2, 2021
Боран «естен» тандырды

Боран «естен» тандырды

Наурыз 2, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»