Exit poll. Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 70,13 пайызы дауыс берді
Exit poll. Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 70,13 пайызы дауыс берді
208
оқылды
Еxit poll нәтижесі бойынша 9 маусымда өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында сайлаушылардың  70,13 пайызы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді.

Бұл туралы астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қоғамдық пікір» институтының кеңес төрайымы Айнұр Мәжитоваға сілтеме жасай отырып Қазақпарат хабарлады.

Оның айтуынша, сайлау күні «Қоғамдық пікір» институты Exit poll-дың стандартты әдістемесі бойынша, сайлау учаскесіне барған сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Оларға «Сіз қай кандидатқа дауыс бердіңіз?» деген бір ғана сауал қойылды. Сонымен, Exit-poll нәтижесі төмендегідей:

Қасым-Жомарт Тоқаевқа - 70,13 пайыз,

Әміржан Қосановқа - 15,39 пайыз,

Дания Еспаеваға - 5,32 пайыз,

Жамбыл Ахметбековке - 3,86 пайыз,

Төлеутай Рақымбековке - 3,03 пайыз,

Амангелді Таспиховқа - 1,41 пайыз,

Сәді-Бек Түгелге - 0,86 пайыз дауыс жинады.