Елордаға кіріп-шығатындардың тізімі жарияланды
Елордаға кіріп-шығатындардың тізімі жарияланды
5,217
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елордаға кіріп-шығуға рұқсат берілгендердің жаңа тізімін жариялады. Алгоритмге сәйкес, блок бекеттерде санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіледі, қаладан шығуға-кіруге тыйым салынады. Жаңа алгоритмі 13 мамырдан бастап күшіне енді. Алайда төмендегі санатқа кіретіндерге шаһардан кіріп-шығуға рұқсат беріледі:
  • қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
  • ТЖ режимі алынып тасталғаннан кейін өз жұмысын қайта бастаған ұйым қызметкерлері;
  • карантин аймағына, одан тыс жерлердегі саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бара жатқан азаматтар;
  • медициналық көрсеткіштер бойынша шығатын және келетін адамдар;
  • көктемгі егіс жұмыстарына жіберілген азаматтар;
  • Ақмола облысы Целиноград, Аршалы, Шортанды және Қорғалжын аудандарының тұрғындары;
  • ҚР басқа өңірлерінде тіркелген карантин аймақтарынан шығатын адамдар санитарлық блок бекеттен қажетті құжаттарды толтырғаннан кейін;
  • патрульдік полицияның қатысуынсыз жерлеу мақсатында карантин аймағынан өтетін азаматтар;
  • шетел азаматтары;
  • карантин аймағына немесе карантин аймағынан өздерінің кәмелетке толмаған балаларына бара жатқан азаматтар;
  • карантин аймағына немесе карантин аймағынан сырқат туыстарына күтім жасау мақсатында бара жатқан азаматтар;
  • әуе рейсімен бара жатқан азаматтар;
  • қалпына келтіру жұмыстары және су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсету үшін Түркістан облысына жіберілетін азаматтар;
  • азық-түлік және азық-түліктік емес тауарларының жүк көліктері;
  • транзит.