Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елордаға кіріп-шығуға рұқсат берілгендердің жаңа тізімін жариялады. Алгоритмге сәйкес, блок бекеттерде санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіледі, қаладан шығуға-кіруге тыйым салынады. Жаңа алгоритмі 13 мамырдан бастап күшіне енді. Алайда төмендегі санатқа кіретіндерге шаһардан кіріп-шығуға рұқсат беріледі:
- қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
- ТЖ режимі алынып тасталғаннан кейін өз жұмысын қайта бастаған ұйым қызметкерлері;
- карантин аймағына, одан тыс жерлердегі саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бара жатқан азаматтар;
- медициналық көрсеткіштер бойынша шығатын және келетін адамдар;
- көктемгі егіс жұмыстарына жіберілген азаматтар;
- Ақмола облысы Целиноград, Аршалы, Шортанды және Қорғалжын аудандарының тұрғындары;
- ҚР басқа өңірлерінде тіркелген карантин аймақтарынан шығатын адамдар санитарлық блок бекеттен қажетті құжаттарды толтырғаннан кейін;
- патрульдік полицияның қатысуынсыз жерлеу мақсатында карантин аймағынан өтетін азаматтар;
- шетел азаматтары;
- карантин аймағына немесе карантин аймағынан өздерінің кәмелетке толмаған балаларына бара жатқан азаматтар;
- карантин аймағына немесе карантин аймағынан сырқат туыстарына күтім жасау мақсатында бара жатқан азаматтар;
- әуе рейсімен бара жатқан азаматтар;
- қалпына келтіру жұмыстары және су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсету үшін Түркістан облысына жіберілетін азаматтар;
- азық-түлік және азық-түліктік емес тауарларының жүк көліктері;
- транзит.