Қасым-Жомарт Тоқаев – 70 пайыз

Қасым-Жомарт Тоқаев – 70 пайыз

Еxit poll нәтижесі бойынша 9 маусымда өткен Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында сайлау­шылар­дың 70,13 пайызы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Бұл туралы «Қоғамдық пікір» институтының басшысы Айнұр Мәжитова Орталық коммуни­кациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Оның айтуынша, сайлау күні «Қоғам­дық пікір» инсти­туты Exit poll-дың стан­дартты әдістемесі бойынша, сайлау учаскесіне барған сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Сауалнама жүргізу­шілер 325 сайлау учаскесін қамтыған. Оның ішінде облыс орталық­та­ры мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын­­да – 97, шағын қалаларда – 94, ал ауыл округтерінде 134 сайлау учаскесі қамтылған. Сайлау ту­ралы заңның 28-бабына сәйкес, «Қоғамдық пікір» институты Орталық сайлау комиссиясына сайлауалды әлеу­меттік сауал­на­ма жүргізу ниеті туралы хабардар еткен, ал аталған институтқа сауалнама жүргізуге «Ел ті­регі» заңды тұлғалар бірлестігі тап­сырыс берген.

– Сауалнама стандарты ха­лық­аралық әдістеме бойынша жүргізілді. Респон­дент­терге «Сіз қай кандидатқа дауыс бер­діңіз?» деген бір ғана сауал қойыл­ды. Таңғы сағат 7-ден кеш­кі сағат 8-ге дейін сауална­маның алты толқыны өтті. Нә­тижесінде, 13 200 сайлаушыға сауалнама жүргізілді. Іріктеме қателігі шамамен 3 пайызды құрайды. Сауалнама жүргізуге 350-ден астам адам атсалысты. Exit poll нәтижесі келесідей: Жамбыл Ахметбеков­ке – 3,86 пайыз, Дания Еспаеваға – 5,32 пайыз, Әміржан Қосановқа – 15,39 пайыз, Төлеутай Рақымбековке – 3,03 пайыз, Амангелді Таспиховқа – 1,41 пайыз, Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 70,13 пайыз, Сәді-Бек Түгелге 0,86 пайыз дауыс берілді, – деді А.Мәжитова


Exit poll – сайлау кезінде дауыс берген азаматтардың арасында өт­кі­зі­летін анонимді сауалнама. Мақсаты – сай­лаудың алдын ала нәтижесін жасау арқылы оны бұрмалауға жол бермеу. Заң бойынша эк­зит-поллды сайлауға дейін өткізуге болмайды. Сауалнама­ның бұл түрі сыртта дауыс берген сайлаушылар арасында ғана жүргізіледі. Сауалнама нәтижесін жариялағанда ақ­парат көзі, сауалнама уақыты, мә­лімет жинаудың әдіс-тәсілі, нақ­ты сұрақ, сауалнамаға қа­тыс­қан адамдар саны мен қате­лік коэф­фиценті міндетті түрде көрсетіледі. Exit poll өткізу үшін Орталық сайлау комис­сиясын алдын ала ескертіп, тиісті құ­жат­тарды ұсыну қажет. Осы жолғы прези­денттік сайлау кезінде ОСК әлеуметтік зерттеулерді өткізу бойынша «Қоғамдық пікір» институты» мен «Жас­тар» ғылыми-зерттеу орта­лығы­ның құжаттарын қа­былдаған.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген сауалнамаға 12 мыңнан астам адам қатысқан. Еліміздің барлық аума­ғындағы 300-ден аса сайлау учаскесін қамтыған Exit poll нәтижесі де Қ.Тоқаевтың басым дауыс (69,94 пайыз) жинағанын көр­сеткен.