Карантиннің жеңілдетілуіне байланысты азық-түлік сататын базарлар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
Карантиннің жеңілдетілуіне байланысты азық-түлік сататын базарлар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
© сурет интернеттен алынды
Қазақстанда карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне байланысты азық-түлік сататын сауда орындарының қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлады  Telegram-дағы Coronavirus2020.kz парақшасында. Сауда орындарының жұмыс тәртібі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін болып бекітілді. Базарға кіре берісте, сауда орнының холында, дәлізде әр 50-100 метр сайын, лифтке, санитарлық торапқа кіре берісте санитайзерлер орнатылуы керек. Азаматтар тауар ақысын қолма-қол төлей алмайды (тек банк картасы немесе телефондағы бағдарлама арқылы). Кезекте 5 адамнан артық тұруға болмайды және олардың ара қашықтығы бір метр болуы керек.