18 мамырдан бастап дәмханалар 50 адамнан қабылдай алады
18 мамырдан бастап дәмханалар 50 адамнан қабылдай алады
164
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитары Жанна Пірәлиева әкімдіктегі брифингте шаһардағы карантиндік шектеулердің алынуы туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ауру жұқтыру деңгейі 5%-дан аспаса, 18 мамырдан бастап қоғамдық тамақтану орындарын ашуға рұқсат беріледі. Бұл 50 адамдық сыйымдылыққа дейінгі кафелер, мейрамханалар, ашық аспан астындағы дәмханалар. Сонымен бірге, кезекшілік негізде балабақшалар, коррекциялық бөлмелер ашылады. Азық-түліктік емес базарлар жұмыс істейді», - деді Жанна Пірәлиева.
Ал 16 мамырдан бастап, мемлекеттік органдардың ішінде орналасқан асханалар ашылады.  Ол үшін коронавирустың таралуы 7%-дан жоғары болмауы керек. Сонымен бірге, діни орындар жұмыс істей бастайды. Отбасылық шараларды – той, ас, ауызашар, спорттық шараларды өткізуге әзірге тыйым салынған. Бассейндер, моншалар, массаж салондары, фитнес-орталықтар, бар, кальян клубтар, караоке орталықтары да жұмыс істей алмайды. Жайма базарлар да ашылмайды. Ал  ойын-сауық орталықтарын ашу жоспарда бар. Бірақ олардың ішіндегі ойын-сауықтық нысандар, фудкорт, қоғамдық тамақтану, сұлулық салондары, маникюр, косметикалық орталықтар жабық болады.