Тағы бір ел коронавирусты жеңгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды REUTERS. Дереккөз мәліметінше, Словения үкіметі ресми түрде елде эпидемия аяқталғанын мәлімдеген.
Биліктегілер соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандардың саны 7-ден аспағандықтан осындай шешім қабылдаған екен. "Соңғы екі айда Словенияда коронавирус жұқтырғандардың санын азайту мүмкін болды. Бүгінде Словенияда эпидемиологиялық жағдай жақсы", - деді премьер-министр Янез Янша. Дегенмен үкіметтегілер халықтан сақтық шараларын сақтауды сұрайды. Маска тағып, қоғамдық жерлерде қашықтық сақтап, қолды дезинфекциялауды ұмытпауға кеңес береді.