Максим Споткай Сенат Аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. Максим Споткай 1991 жылы туған. Омбы мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Инженер-менеджер. «Nur Otan» ХДП Ақсу қалалық филиалының жастармен жұмыс жөніндегі маманы, «Джей Энд Эс» халықаралық компаниясының қазақ тілі оқытушысы, «ZamandaS» Омбы қазақ мәдени-ағарту газетінің бас редакторы, «Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының бас маманы, «Павлодар облысының кәсіпорталығы» КАБ төрағасының м.а., «Павлодар кәсіпқызмет» ЖШС-нің директоры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің жетекшісі, бас сарапшысы, «Нұр-Медиа» ЖШС Медиа редакциясының басшысы, бас директорының орынбасары, «Nur Otan» партиясы Орталық аппараты Баспасөз қызметінің жетекшісі, Қазақстан Республикасының Президентіне үміткер Қ.Тоқаевты қолдау Республикалық қоғамдық штабы Баспасөз қызметінің жетекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет істеген.