Мәскеуде Илона есімді блогер қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың құрметіне салынған ескерткішке шығып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Видео Instagram желісіндегі ilona.drozh аккаунтының сторисінде пайда болған. Онда қыздың ескерткішке шығып алып, оны Санта-Клаус деп атағаны көрінеді. Tengrinews.kz редакциясы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сауалхат жолдаған. Айта кетейік, блогер парақшасын өшіріп, кейін оралған болатын. Бірнеше күн бұрын видеоны неге өшіргенін де түсіндірген еді. Қыздың айтуынша, оны қорқытқандар болған. https://www.youtube.com/watch?v=a1V06T9_6FY&feature=emb_logo