Nur Otan партиясы Қаратөбе аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссия мүшелері және аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов Қалдығайты ауылында болып, ондағы білім ордасының жай-күйімен танысты. Әлеуметтік желі арқылы ауыл тұрғындарынан келген «Қалдығайты жалпы орта білім беретін мектеп-интернатында карантин режиміне қарамастан оқушыларға сабақ жүргізіліп жатыр» деген анонимді хат бойынша тексеріс жұмысы жүргізілді. Алайда бақылау барысында ешқандай тәртіп бұзу фактісі анықталған жоқ. Өйткені қазіргі таңда Қалдығайты ЖОББМ-де 7 мамырдан күрделі жөндеу жұмысы басталуына байланысты мектептің барлық жиһаздары интернаттың бөлмелеріне тасылып орналастырылған. Интернатта барлығы 10 бөлме болса, оның ішінде ас бөлмесінен басқа (алдағы уақытта жазғы лагерьге қажетті деген мақсатта қалдырылған) бөлмелер бос емес. 2 бөлме (1 директордың уақытша жұмыс кабинеті, 1 мұғалімдерге арналып жабдықталған) басқа бөлмелер түрлі жабдықтармен толтырылған. Сондықтан да интернатта сабақ оқытатындай мүмкіндік жоқ. Тексеріс соңында мектеп басшысына карантин уақытында тәртіптің қатаң сақталуын қадағалау ескертілді.
А.ЖАСАНҰЛЫ