Абай мұрасын дәріптеушілер көбейді
Абай мұрасын дәріптеушілер көбейді
191
оқылды

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту бастамасына қолдау білдіріп, әлеуметтік желіде #Abai175 хэштегімен жазба жариялағандар көбейді. Челлендж Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары кезінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын лайықты атап өту керегін айтқаннан кейін басталды.

Әлеуметтік желідегі алғаш­қы жазбаны «Болашақ» бағ­дарла­ма­сы­ның түлегі Шынар Шәке­нова жа­рия­­лады. Ол бастаған чел­лендж­­ге танымал блогерлер мен вай­нерлер қо­сылды. Бүгінде 582 әлеу­меттік желі қолдану­шысы Абай Құнанбаев өлең­дерінен үзін­ді оқып, өз парақ­шасына видео салған.

2019 жылы 30 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнан­байұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту туралы қаулыға қол қойды. Прези­дент бастамасы халық ара­сында қол­дау тауып, Абай мұ­ра­сын дәріп­теу­ге үлес қо­сып жат­қандар қата­ры артып келеді.

 


Кәусар АХМЕТ