Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Мал-жан аман ба?

«Айқын» ақпарат
Мамыр 16, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет, Қазақстан, Экономика
Мал-жан аман ба?
250
қаралым

Түйенің күл ауруына (ос­па) қарсы вакцина шыға­рылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министр­лігінен хабарлады. Бұған дейін Маңғыстау облы­сын­да түйе малынан күл ауруы табылып, отандық ғалым­дар 100-ден аса малға вак­цина салып, сынамадан өткізіп жатқаны айтылған. Нәтиже тиімділігін көрсет­кендіктен, облыстағы ой­сыл қара тұқымына екпе жасалмақ. Осылайша, ау­ру­­дың алдын алуға мүм­кіндік ашылды. Ал төрт тү­ліктің өзге түрі індеттен аман ба?

Еліміздің Биология және био­технология ғылыми-зерттеу инс­титуты түйе індетіне сынақ өткізіп, оған қарсы вакцина шығара бастады. Маңғыстау облысының Бейнеу, Тәжен және Сыңғырлау ауылдық округтерінде карантин жарияланып, мал оқшауланған. «Індет анықталған орындарда «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РМК Маңғыстау фи­лиалының мамандары дезин­фек­ция жұмыстарын жүргізуде», – делінген министрліктің хабар­ламасында.

Түйенің күл ауруы 2018 жылы Түркіменстанда тіркелген. ҚР Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдулда­новтың айтуынша, күл ауруы шекаралас елден келуі мүмкін. «Осы уақытқа дейін Бейнеудегі шаруа қожалықтарының 110 түйесіне сынама жасалған бола­тын. Кері әсері байқалған жоқ. Отандық ғалымдар жасаған вак­цина 60 мыңнан аса түйеге егіледі деп жоспарлап отырмыз. Нәтижесі осы айдың аяғында анықталып қалады. Аурудан жазылғаннан кейін малда осы індетке қарсы тұратын иммунитет пайда болады. Сондықтан қауіп жоқ», – дейді Т.Қабдулданов.

Маңғыстауда жол жиегіне 13 «түйе» мен «жылқы» не үшін орнатылады?  

Құрылған кооперативтер қыста қарап отыра ма?

Банкрот басы – барымта

Айта кетейік, статистика комитетінің 2020 жылдың 1 сәуі­ріндегі дерегіне сүйенсек, елімізде 235,3 мың бас түйе бар. Оның 83 мыңы Маңғыстау облысында өсі­ріледі. Одан кейінгі орындарды Қызылорда (50,1 мың), Атырау (33 мың) және Түркістан (32,4 мың) облыстары тұр. Қалған өңірлерде түйе саны аз.

Әдетте халқымыз «мал-жан аман ба?» деп алдымен төрт түлік­тің аман-есендігін түгендеп жата­тыны рас. Әсіресе, мал баққан ел үшін індет атаулыдан ада болу алдыңғы орында тұратындықтан, көктем шыға есендік сұрауымыз сол сөзден басталатын. Алайда биылғы коронавирус пандемиясы ондай жоралғыға жеткізбегендей. Әлемдік індеттен аман-есен өткендей болғандықтан жаппай ауылдың жағдайын, қырдағы малдың есебін түгендеп, атакәсіпке басқаша көзбен қарап жатқан жайымыз бар.

 

АСА ҚАУІПТІ АУРУ ТҮРЛЕРІН АУЫЗДЫҚТАЙ АЛДЫҚ ПА?

Ветеринар мамандардың ай­туынша, дүниежүзінде мал ауруы­ның 67 түрі бар. Оның 29 түрі біздің елде кездеседі. Осының ішінде жиі кездесетін 19 ауру түрі айрықша бақылауға алынып, жыл сайын екпе салынады.

Осыдан біраз жыл бұрын елі­міздің ветеринария қызметі көк­парға түскендей болғаны рас. Ауыл шаруашылығы саласына жасалған реформалардың кейбірі тиімділігін көрсетсе, енді бірі кері әсер берді. Мәселен, 2007 жылы жүргізілген реформа бойынша республикадағы барлық мемлекеттік ветеринарлық стансалар мен пункттер қызметі тоқтатылды. Оның орнына жеке­меншік ветеринарлық қызмет келеді, салада бәсекелестік болып, қызмет сапасы жақсарады деген үміт болған. Алайда ол үміт ақ­тал­мады да, кейіннен ветеринария саласы қызметі мемлекет қарама­ғынан өтті. Экс-министр, қазіргі Ет одағының басшысы Асылжан Мамытбековтің сөзінше, оның тиімсіздігі  ветеринариялық қыз­мет көрсетушілерде жауапкершілік болмауынан көрінген. «Себебі ол мемлекеттік қызметкер емес, еш жерде штатта жоқ. Егер қаласа шал­ғайдағы ауылға барады, қала­маса аудан орталығынан ғана қайтады. Ал ол кезде ірі қараның 82% қосалқы үй шаруашылығы, яғни жеке адамның қолында бол­ды. Ауылдағы зейнеткер, мұғалім, дәрігердің қолындағы 2-3 сиыр үшін жекеменшік ветеринар әр қораға барып, қан алып, вакцина салуға бармайды. Нәтижесінде, жылына 10-15 рет аусыл ауруы тір­келіп тұратын. Кейіннен ол қыз­мет­ті мемлекет қадағалауына алып, штат санын көбейттік. Осы­лайша, 2013 жылдан бастап Қазақ­станда аусыл ауруы тоқтады», – дейді А.Мамытбеков.

Иә, елімізде аусыл ауруының басылғанына 7 жылдай болды. Қа­зақстан Халықаралық эпизоотия­лық бюро (ХЭБ) тарапынан аусыл­дан таза ел деген статусқа ие болды. Айта кетейік, бұл бюроның қыз­метіне 180 ел жүгінеді.

Әйтсе де, аталған індет көрші елдер Қытайда, Қырғыз Респуб­ликасында және Ресейдің кейбір аймақтарынан әлі де тіркеліп қалады. Аусыл індеті – ет экспорт­таушы және импорттаушы елдерге үлкен қауіп. Себебі ол тез тарап, тез жұғатын вирус. «Дүниежүзі бойынша аусылмен күрестің бес кезеңі бар, біз соның барлығынан өтсек, қырғыз ағайындар соның екінші кезеңімен күресіп жатыр. Қазіргі күні еліміздің 9 облысында аусылға қарсы вакцина салын­байды, тек жоғарыдағы елдермен шекаралас бес облысты егуге мәж­бүрміз. Ол қауіпсіздік үшін», – дейді Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төраға­сының орынбасары Тұрсын Қа­б­дулданов.

Аусылды ауыздықтағаны­мыз­бен, сиырдың және өзге де түліктің ауруы өңірлерде әлі де кездесіп жататыны жасырын емес. Мысалы, бруцеллез, сібір жарасы тоқтамай тұр. Елімізде сібір жарасының ошағы көп. Ал бруцеллез біздің елде малда да, жанда да кездеседі. Жылына мыңнан аса бруцеллезбен ауырған адамдар тіркелуі – осы­ның белгісі. Естеріңізде болса, 2016 жылы Қарағанды, Павлодар, ШҚО және Алматы облыстарында 16 адамнан сібір жарасы тіркелген болатын. Былтыр 12 адам жұқтыр­ғаны белгілі болды.

Бұдан бөлек, бірнеше пара­зит­тік аурулар – описторхоз, эхи­но­коккоз секілді ауру түрлері кездесіп қалады.

 

ЗЕРТХАНАЛАР ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ?

Ет экспортынан, әлемдік на­рықтан дәмесі бар кез келген ел үшін ветеринария саласының дамуы маңызды. Бұл тұрғыда ін­дет­тің алдын алу, түбірімен зерттеп, жойып жіберу мақсатында вете­ринариялық зертханалардың жұ­мысы нәтижелі болуы қажет. Ғы­лымда «зертхана – ветеринария айнасы» деген сөз осыны аңғартса керек. Қазіргі күні республика бо­йынша 178 ветеринария зертха­насы жұмыс істейді.  Оның 154 аудандық зерхана болса, 22 өңірлік және 2 қалалық маңызға ие.  «Рес­публикалық ветеринария зертха­насы» РМК бас директоры Нұрлан Сбановтың айтуынша, жүргізіліп жатқан зертханалық-диагнос­ти­калық зерттеулердің 90%-ы бру­целлез ауруына қатысты екен.

«Еліміздегі зертханаларда 3 800-дей адам қызмет етуде. Зерт­ханалардың барлығы халықаралық деңгейде аккредитациядан өткен. Соңғы жылдары Қытайдың вете­ринария мамандары біздің зерт­ханалардың жұмысымен танысып, оң бағасын берді. Нәтижесінде, еліміз ҚХР-ға ет экспорттау мүм­кін­дігін алды. Дәл қазіргі сәтте қой, сиыр және шошқа еті экс­порты бойынша келісімдер жаса­луда. Бұл – біздің нарық үшін үл­кен мүмкіндік», – дейді Н.Сбанов.

Әйтсе де, бас директор салаға тән қиындықтар барын да жасыр­мады. Әсіресе, соңғы жылдары зертханалар жұмысына кететін шығын көлемі артқан. «Диаг­ностикалық зерттеу жұмысына бөлінетін қаржы жетіспеушілігі байқалып отыр. Одан бөлек, әр өңірде орналасқан зертхана ғи­мараттарын жылытуға, күтіп ұс­тауға қажетті шығын бар. Мәселен, ғимараттарды жылытуға 700 млн теңгеге дизель отынын сатып ал­сақ, амортизациялық шығындарға жұмсалатын қаржы 1 млрд теңге көлемінде. Газ тартылған өңір­лер­дегі ғимараттарды газға қосып жа­тырмыз, бірақ оның көлемі аз», – дейді ол.

Биыл елімізде жоғарыда атал­ған мал ауруының 19 түріне қарсы вакцинациялау бойынша 150 мил­лионнан астап манипуляция жүргізілмек. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жұқпалы індет қатарына аусыл, сібір жарасы, құтыру, пастереллез, құс тұмауы, оба, эмкар және басқа да бірнеше түрі кіреді. Бүгінде вак­циналау үшін 120 млн ветеринария препараттары мен 30 мың литр дезинфекциялық құралдар сатып алынған.

Қазақстан – жер көлемі және геосаяси әрі экономикалық тұрғы­дан экспорттық әлеуетке ие мем­лекет. Іргедегі ел Ресей мен Қытай сырттан үлкен көлемде ет импорт­тап отыр. Көрші нарықтың қажет­тілігін өтеп, сұранысқа сай өнім беру үшін алдымен өз ішіміздегі жағдайды түзетуіміз керек. Маман­дар елдегі ветеринария қызметінің сапасын жақсартып, індет ошағын тезірек жойған жөн деген пікір айтады.

 

Мал-жан аман ба?Бауыржан БАЗАР

 

 

 
Тегтер: күл ауруымал ауруытөрт түліктүйе
Алдыңғы жаңалық

Елордалық азамат жаяу жүргіншілерді пышақпен қорқытқан

Келесі жаңалық

Қазақ орман шаруашылығы және агломерация ғылыми-зерттеу институтына Әлихан Бөкейханның есімі берілді

Ұқсас жаңалықтар

Қуат Хамитов
Жаңалықтар

Қуат Хамитов 45 секундта қарсыласын нокаутқа жіберді

Қаңтар 22, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістан облысында қыс қаһарына мініп, аяз күшейді

Қаңтар 22, 2021
ШҚО
Жаңалықтар

ШҚО-да карантин шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды

Қаңтар 22, 2021
Ақтөбе
Жаңалықтар

Белорусиялық маман «Ақтөбенің» бас бапкері атанды

Қаңтар 22, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуат Хамитов 45 секундта қарсыласын нокаутқа жіберді

Қаңтар 22, 22:14

Түркістан облысында қыс қаһарына мініп, аяз күшейді

Қаңтар 22, 21:42

ШҚО-да карантин шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды

Қаңтар 22, 21:31

Белорусиялық маман «Ақтөбенің» бас бапкері атанды

Қаңтар 22, 20:54

Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды

Қаңтар 22, 20:28

СҚО-да көлікке мінген 6 жасар бала әйелді 2 баласымен бірге қағып кеткен

Қаңтар 22, 20:21

Елбасы елорда әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

Қаңтар 22, 19:15
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қуат Хамитов

Қуат Хамитов 45 секундта қарсыласын нокаутқа жіберді

Қаңтар 22, 2021
Түркістан

Түркістан облысында қыс қаһарына мініп, аяз күшейді

Қаңтар 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»