Үкімет басшысы Өскемендегі жаңа көпбейінді балалар ауруханасына барды
Үкімет басшысы Өскемендегі жаңа көпбейінді балалар ауруханасына барды
қазақпарат
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Өскемендегі жаңа көпбейінді балалар ауруханасына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өскемендегі 200 төсек-орындық көпбейінді балалар ауруханасы аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында салынды. Бұл соңғы 10 жылда бой көтерген ШҚО-ның ең ірі денсаулық сақтау нысандарының бірі.Медициналық нысан  құрылымына педиатрия, неврология, нейрохирургия, травматология-ортопедия, хирургия бөлімшелері, сондай-ақ күрделі соматика, лор, көз микрохирургиясы, жансақтау бөлімі және бес заманауи операциялық блок кірді. Кең етіп салынған қабылдау бөлімі TRIAGE-жүйесі қағидасына сәйкес келеді. Бұл медициналық көмек көрсетудің кезек күттірмейтін басымдығы бойынша шұғыл келіп түскен науқастарды саралауға мүмкіндік береді.