Эстафета бастау алды
Эстафета бастау алды
Елбасы кітапханасы қа­зақтың ұлы ақыны, ком­позиторы, ағартушысы және ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жыл­дығына арналған жыл сайынғы «Абай оқулары» әдеби эстафетасын бас­тады. «Абай оқулары» жобасының мақсаты: – Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­масына және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Абайдың 175 жылдық мерейтойын өт­кізу туралы бастамасына ақ­парат­тық-имидждік қолдау көрсету; – Абайдың әдеби мұра­сын кеңінен насихаттау, қазақстандық жастар арасында оқу мәдениетін және әдеби тал­ғамды жасақтау. Әдеби эстафетаның шарт­тары:
  1. Абайдың шығар­мала­рының бірін мәнерлеп оқып, бейнематериалға түсіру (қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде) және эстафетаны одан әрі жалғастыратын адамды белгілеу.
  2. Бейнематериалды Facebook, Instagram әлеу­мет­тік желілерінің біріне #Ел­басыКітапханасыАбай, #АбайдыОқимыз175 немесе #БиблиотекаЕлбасыАбай, #читаемАбая175 хэштегтерімен жүктеу.
  3. Эстафета 2020 жылғы 14 мамыр мен 20 тамыз ара­лығында өтеді.
 

Қуаныш АМАН