ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов зертхана қызметкерлеріне үстемеақы төлеу ережесін өзгертуді ұсынды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министр Facebook желісінде: «Кей адамдар демалып жатқанда, медициналық қызметкерлер еңбек етуде. Бүгін Ұлттық сараптама орталығының аймақтық вирусологиялық зертханасына бардым. Мұнда тәулік бойы жұмыс істеп, коронавирус инфекциясына сынама алатын тәжірибелі вирусологтар мен зертхана мамандары жұмыс істейді. Күн сайын қала емханаларынан, жедел жәрдемнен және әскери бөлімшелерден алынған ПТР тест сынамалары осында жеткізіледі», - деп жазды