Роналду Португалиямен жаңа трофей жеңіп алды (видео)
Роналду Португалиямен жаңа трофей жеңіп алды (видео)
201
оқылды

Бұл Криштиану Роналду үшін ұлттық құрамамен ұтып алған екінші маңызды трофей

Футболдан Португалия құрамасы Ұлттар лигасының финалында Нидерланды құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, УЕФА ұйымдастырған жаңа турнирдің тұңғыш чемпиондары атанды.

Финалдағы жалғыз голды португалиялық шабуылшы Гонсало Гуэдеш соқты. Ал жартылай финалда олар Швейцариямен кездесіп, Роналдудың хет-тригі арқасында финалға шыққан болатын.

Ұлттар лигасының үшінші орыны үшін болған матчта Англия құрамасы пенальти сериясы арқылы Швейцариядан басым түсті.

Бір қызығы финалдан кейін Роналду Голландия мен «Аякстың» қорғаушысы Маттейс де Лигтен оның «Ювентуске» ауысуы туралы сұраған.

«Иә, солай болды. Басында мен оны түсінбедім. Тек күлдім. Бірақ ештеңе айтқан жоқпын. Матч біте сала мұндай сауалға жауап беру мүмкін емес. Әрі команда жеңіліп тұрған кезде. Трансферлік терезе жақында ашылады. Дегенмен жақсылап тынығып алу керек. Не боларын көре жатармыз» депті де Лигт.

Бұл Криштиану Роналду үшін ұлттық құрамамен ұтып алған екінші маңызды трофей. Ал жалпы футболшы ретінде жеңген 29-шы кубогы. 34 жастағы футболшы осыған дейін «Спортингпен» 1, «МЮ»-мен 9, «Реалмен» 15, ал «Ювентуспен» 2 трофей жеңіп алған.

https://youtu.be/RB8zDiVn6lc