«Канело» спорттық мансабын аяқтай ма?
«Канело» спорттық мансабын аяқтай ма?
141
оқылды
Сауль Альварестің (53-1-2, 36 КО) бапкері Эдди Рейносо мексикалық боксшының карьерасын аяқтауын жоспарлап отырғандығын айтты, – деп хабарлайды Sports.kz. «Егер «Канело» қазіргідей қалыпта жұмыс істер болса, онда ешқандай мәселе туындамайды. Менің ойымша, оған бокста өнер көрсетуіне әлі 5-7 жылдай бар», деп есептейді Рейносо. Осылай жалғаса берсе, «Канело» 34-36 жасында мансабын аяқтайды. Егер салыстырар болсақ, Альварестің қарсыласы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) тіпті 38 жасында жұдырықтасып жүр және әзірге спорттан кетуді жоспарлап жүрген жоқ. Бұдан басқа Головкин «Канеломен» үшінші айқасты күтуде. Олардың талас тудырған алғашқы жекпе-жегі төрешілердің басым даусымен «Канелоның» жеңісімен аяқталған болатын.