Cу тасқыны зардабын тартқан Төле би ауданына гуманитарлық көмек жетті
Cу тасқыны зардабын тартқан Төле би ауданына гуманитарлық көмек жетті
фото: интернет
254
оқылды
Төле би ауданы жұртшылығына алғаш болып Мақтаарал мен Сайрам жұртшылығы көмек қолын созды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат . Атап айтқанда, Сайрам ауданы 6 газельмен құны 7 млн теңгені құрайтын 10 тонна көмек жеткізсе, Мақтаарал ауданы өздерінің 10 тонна көмектерімен келді. Созақ ауданы әкімдігі де сел салдарынан зардап шеккен тұрғындарға 2,5 тонна азық-түлік жеткізді. Бұдан бөлек, ленгірлік жеке кәсіпкер Сәкен Рүстемов құны 300 мың теңге болатын 1 тонна күріш алып келді. Орталық спорт кешеніне кәсіпкерлер, қайырымды азаматтар тарапынан азық-түліктер жеткізіліп жатыр. Қайырымдылық жасаудан Жамбыл облысы да шет қалмады. Көршілес облыс мұнда 16 тонна азық-түлік жиынтығын жөнелтіп, барынша көмек қолдарын созуда. Келген көмектердің ішінде халықтың күнделікті тұрмысына қажетті ұн, күріш, макарон өнімдері, май, құмшекер, картоп, пияз, сәбіз, капуста, балалар тағамы, гигиеналық және шаруашылық заттары бар. Өз кезегінде түрлі игілікті істердің басы-қасында жүретін ерікті жастар осындай сәтте халықтың жанынан табылып, көмек-қолдауларын көрсетуде.