Діни конфессия өкілдері ағаш отырғызды
Діни конфессия өкілдері ағаш отырғызды
Тұңғыш Президент саябағында символикалық мәні бар акция өтті: барлық діни конфессиялардың өкілдері жаңа өмірдің бастауы ретінде ағаш отырғызды, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «ТЖ режимі алынды, елорданың саябақтары ашылды. Екі аптаға кешіксе де, акция өтті. Қазақстандағы барлық конфессиялардың жетекшілері ағаш отырғызды. Мұндай акциялар Қазақстанның халқы бірге екенін көрсетеді. Ең бастысы – осы!», - деді Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Мирас Шекенов. Елорданың бас имамы Ерболат Жүсіпов акцияның маңыздылығын айта отырып, Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) хадисін еске алды. «Ол «Кімде-кімнің қолында бір шыбығы болса, Қиямет басталды десе де дереу шыбығын ексін» деген. Хадистің мағынасы әр мұсылман өз елінің дамуы мен көркеюіне үлес қосуы тиіс дегенді білдіреді. Қазақстанда ортақ мақсат – біздің ортақ үйімізді дамытуға мүдделі түрлі конфессиялардың өкілдері өмір сүреді», деді Нұр-Сұлтанның бас имамы. Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының астаналық Христиан Інжіл шіркеуінің пасторы Александр Клюшев ағаш отырғызу акциясы Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің көрінісі екенін айтты. «Енді біз көшеттерді күтіп, баптаймыз. Әрі бұл осы ағашты отырғызған жандардың жүрегіне жылулық сыйлайтын болады, тіпті ағашты кім отырғызғанын білмейтін адамдар үшін де», - деді ол. Акцияны Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері басқармасы ұйымдастырды. Оның мақсаты – қоғам назарын қаланың тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ұлтаралық татулыққа аудару