"Роза да, мен де ақша салыңыздар дегеніміз жоқ": Ақбота Керімбекова ұтыс жайлы шындығын айтты
"Роза да, мен де ақша салыңыздар дегеніміз жоқ": Ақбота Керімбекова ұтыс жайлы шындығын айтты
© сурет интернеттен алынды
140
оқылды
Белгілі әнші Ақбота Керімбекова өзін ұтыс ұйымдастырып, халықты алдады дегендерге жауап берді. "Амансыздар"ма, оразаларыңыз қабыл болсын баршаңызға. "Астарлы ақиқатты" көріп жек көріп отырсыздар ма? Ия, қателігіміз  сенгеніміз болды!!!Өз басым ешкімді алдағаным жоқ. Алла куә оған. Барар жеріміз бір бәріміздің. Құзырлы органдар тексеріп болғаннан соң өз ойыммен бөлісемін деп сабыр сақтап отырғаным да өтірік емес.Роза да, менде ешбір жарнамада ақша салыңыздар дегеніміз жоқ.Ұтыс ойыны мен инвестиция екі бөлек дүние. Ұтыстан бір қазақ болса да үйлі, көлікті болса деген ниетім болған. Құжаттарын көрсеткен соң Розаның өткізген ұтысындағы далелдерге сеніп, қайырымдылыққа сендім мен де", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында. Оның айтуынша, өз басы ешкімді алдау ниеті болмаған. Алайда, көпшілік бұл жағдайды дұрыс түсінбей отыр. "Ақша салу деген енді........Ондай батпан ақшаға менде сенбеймін. Өзім біреуге ақша беріп басым күйген талай. Ақшаларын көбейтіп алу болды ойлары, ия түсінемін. Бірақ, мен алып, мен қайтарам деп сендірсем аңгіме басқаша болар еді.Барлық дәлел де айтылар."Астарлы ақиқат" бағдарламасына қатты сеніп отырсыздар ғой. Бармағанымның өз себебі бар.Қарасын айтып, ағын айтпағанына налып отырмын. Мейлі, ақталмаймын. Қалғаны уақытында айтылар.Коронавирус ауруы бір бірімізге жала жауып,қаралайтын,сүрінгенді табалайтын ауру болды ғой...Өкінішті. Менен зиян кешіп, менен жамандык көрген болсаңыздар, кешірім сұраймын баршаңыздан.Қалай түсінсеңіздер де өз еріктеріңіз. Өнер адамдары да халық екенін білсеңіздер деймін. Аллам жар болсын баршамызға", - деп аяқтады сөзін ол. https://www.youtube.com/watch?v=oEt6KxQ8-H0