Жеделхат жолдады
Жеделхат жолдады
173
оқылды
Түркия президенті Режеп Ердоған және Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Түркия президенті Қазақстанның алдағы дамуына сенім білдірді.

«Қазақстанның тыныштық пен тұрақтылық жолындағы қадамдарын одан ары жалғастыра түсетініне және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіз­дікті қамтамасыз етуге үлес қоса бере­тініне күмәнім жоқ. Халықтар ара­сындағы тарихи және ежелгі дос­тыққа негізделген Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мыр­замен біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында жоғары деңгейге жетті. Осы орайда, елдер арасындағы қарым-қатынастарды барлық салада одан ары дамыту үшін жұмыс істеуге дайын екенімді атап өткім келеді» делінген жеделхатта.

Ал ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтау жеделхатында: «Сіздің Қазақстан Республикасының Прези­денті лауазымына сайлануыңызға бай­ланысты Үкіметтің және қытай хал­қының, сондай-ақ, жеке өзімнің атым­нан жүрекжарды құттықтауым мен ізгі тілегімді білдіруді абырой санаймын.

Қытай мен Қазақстан тату көрші әрі стратегиялық әріптес саналады. Мен қазақ-қытай қатынасын тереңдетуге баса мән беремін. Осыған дейінгі мем­лекет басшыларының эстафетасын қабылдай отырып, екі елдің тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуы үшін жаңа парақты ашамыз және Сізбен тығыз байланыс орнатамыз деп үміттенемін» делінген.