Түркістан мен Алматы облыстарында өзен суының деңгейі көтеріледі
Түркістан мен Алматы облыстарында өзен суының деңгейі көтеріледі
фото: ашық дереккөз
152
оқылды
Түркістан мен Алматы облыстарында өзен суының деңгейі көтеріледі. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлайды. «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сәйкес, 16-19 мамыр күндері мол жауын-шашын түсуіне байланысты Түркістан мен Алматы облыстарының таулы аудандарында және Алматы қаласының іргелес аумағында тау баурайларынан ағын су жүріп, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі», - делінген комитет ақпаратында.