Лукашенко Тоқаевты туған күнімен құттықтады
Лукашенко Тоқаевты туған күнімен құттықтады
фото: ашық дереккөз
Беларусь президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды  БЕЛТА "Сіздің күш-жігеріңіздің, жауапты және тиімді басқаруыңыздың арқасында Қазақстан Республикасы тұрақты экономикалық өсімді, мемлекеттік қайта құруда жетістіктерді көрсетіп, халықаралық аренада өз позициясын және беделін нығайтып келеді", - деп жазылған құттықтауда. Лукашенко Тоқаевтың екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы үлесі мен ынтасын жоғары бағалады. "Өзара қолдау мен мен достық қарым-қатынас Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы жан-жақты байланыстарды одан әрі нығайтуға, достық, сенімді және әріптестік қатынастарды бекітуге ықпал ететініне сенімдімін", - деп жазды ол. Лукашенко Тоқаевқа зор денсаулық, игілік және көздеген мақсаттарының орындалуын тіледі.