Бүгін – Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні
Бүгін – Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні
фото: ашық дереккөз
653
оқылды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтап, Facebook-тегі парақшасында жазба қалдырды. Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Бүгін байланыс және IT-мамандардың елдің ақпараттандыру саласына қосқан үлесін ерекше бағаланады. Үздіксіз коммуникацияны қамтамасыз ету – бұл күнделікті қажырлы еңбек, озық жабдықтар мен заманауи технологияларды пайдалана отырып, жаңа жобалар және әзірлемелермен жұмыс істеу. Сондықтан да сіздер әрқашан бір қадам алдасыздар, - деді Асқар Жұмағалиев. Министр пандемияға байланысты елдің онлайн форматтағы жұмысқа өтуіне орай байланыс және ақпараттандыру қызметкерлеріне деген сұраныс артқанын айтты. "Елде және әлемде болып жатқан қазіргі жағдайда, яғни пандемияға байланысты көптеген процесс онлайн форматқа өткен кезде сіздердің еңбектеріңіз қоғамда ерекше сұранысқа ие. Сіздердің ізденістеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен сала алдында тұрған барлық стратегиялық міндетті іске асырудағы жауапкершілігіңіз үшін әрқайсыңызға алғысымды білдіремін. Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық және алға қойған мақсаттарға қол жеткізулеріңізге тілектеспін", - деп түйіндеді сөзін министр.