20 мыңнан астам оқушы штаттық режимде оқып жатыр

20 мыңнан астам оқушы штаттық режимде оқып жатыр

Үкімет басшысы Асқар Мамин карантиндегі білім беру жағдайлары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2020 жылдың 6 сәуірінен бастап, барлық орта білім беру ұйымдарында оқушылар қашықтан оқытыла бастады. Республика бойынша 7 337 мектепте 3,3 млн оқушы білім алады. Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен төртінші тоқсандағы білім беру процесінің негізгі бағыттары анықталды және сабақ өткізу бойынша ұсынымдар берілген», - деп жазды Премьер-Министр депутаттық сауалға берген жауабында. Сонымен бірге, А. Мамин шалғай ауылдардағы мектептің қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. «Шамамен 5-80 аралығында оқушысы бар шалғайдағы 433 мектепте 20 690 бала дәстүрлі түрде білім алып жатыр. Онда барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталады, ауысым, желдету, кварцтеу мен дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі», - дейді Премьер-Министр. БАҚ, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы оқытудың жаңа тәсілдерін түсіндіру жұмыстары жүйелі негізде жүргізіліп келеді, ол үшін арнайы сall-центр іске қосылған. Қашықтан оқыту келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: - Теледидар арқылы 1 млн астам оқушы білім алуда. Бейнесабақ трансляциясы қазақ және орыс тілдерінде «Балапан» мен «Ел Арна» телеарналарында көрсетеді. Ол үшін 3 мыңнан астам телесабақ түсірілген. - Интернет-платформаларды 2,4 млн оқушы пайдаланады. Daryn.online, Bilimal.kz, i-mektep.kz, mektep.kz интернет-ресурстарында қазақ-орыс тілдерінде бейнесабақтар қолжетімді. «KKKundelik.kz», «BBBilimal.kz», «MMMektep.kz» электронды журналдары арқылы кері байланыс жасауға болады. - «KAZPOST» қызметтері арқылы: «Қазпошта» арқылы тапсырмалар мен қосымша материалдар мектебі мен интернеті жоқ елдімекендерде тұратын 1666 оқушыға жіберіледі. - Радиоарна арқылы: «QAZAQ RADIOSY» толқынында радиосабақтар оқылады.