Киім-кешек сататын базарлар ашылатын күн белгілі болды
Киім-кешек сататын базарлар ашылатын күн белгілі болды
Фото: Интернеттен алынды
Қызылорда облысында бүгіннен бастап азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер мен базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Аймақта бүгіннен бастап карантиннің кейбір талаптарына өзгертулер мен толықтырулар енеді. Бұл жайында Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді. «Бүгінгі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, кезең-кезеңімен салалар мен мекемелерді жұмысқа қосудамыз. Дегенмен қызмет барысында санитарлық-дезинфекциялық шаралары қатаң сақталып, жұмыс барысы шектеулі уақытқа ғана рұқсат етіледі. Төртінші кезең, яғни 18 мамырдан бастап қосымша нысандар қосылды. Олар ломбардтар, азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер, базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, қонақ үйлер. Сонымен қатар туристік, авиа, теміржол кассалары, діни құлшылық жасау орындары да іске қосылады», – деді Әлия Әбдіқайымова.