«Әдеп кеңесі» керек пе?
«Әдеп кеңесі» керек пе?
772
оқылды
«Педагог мәртебесі туралы» заң аясында «Әдеп кеңесі» құрылады. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңеске жергілікті атқарушы органдардың, ата-аналар қоғамдастығының, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілі мүше болады-мыс. Жалпы, кеңес құрамын қамқоршылық кеңесі сайлайды. Егер мектепте аталған кеңес жоқ болса, білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді. Әрине, басшылық педагогикалық және ата-аналар қауымдастығының пікірін ескеруі қажет. Жоғарыдағы жоба нақты бекіген жоқ. Өйткені мұғалімдер ата-ана алдында кеңеске түсуге қарсы. Бастаманы бірі «педагогке қысым көрсетудің жаңа тетігі» десе, екіншісі «мәртебемізді ата-ана алдында кеңеске салып көтермек пе?» деп ашынады. Бұл кеңес көп кеңестің қатарын толықтыра ма, әлде берері бар ма, ұстаздардан сұрап көрдік.    width= Мейіржан ТЕМІРБЕК, «Мұғалім мәртебесі» қоғамдық                                                                                                                 бірлестігінің төрағасы: – «Әдеп кеңесі» ашық үкімет пор­та­­лында норма­тив­­тік құжат­тар ак­тісі бөліміне шық­ты. Жо­ба деп көрсетілгеннен кейін тал­дай­ты­нын талдап, ұсынысымызды жібердік. Жобада ата-ана, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардан бір кісі мүше болады деп көрсеткен. Біз бұған үзілді-кесілді қарсы болып, ұсыныс жібердік. Ертеңгі күні мұғалімдердің әдебін ата-ананың қарап жатқаны қолайсыз жағдай. Министрлік бекіткен мұғалімнің «Пе­дагогикалық әдеп қағидасы» бар. Со­ған сүйеніп жасап отыр. «Әдеп кеңесіне» мұғалімдер мүше болса, білім саласында мұғалім құқығымен айналысып жүрген қо­ғам­дық ұйымдар кірсе деген ұсыныс біл­дірдік. Кеше Түркістан қаласы бойынша бір мұға­лімнің ісіне араластық. Министрліктің үкімі шықпай, өңірде «әдеп кеңесі» жоба­сын «бекітіп» жіберген. Мектептерде түрлі кеңестер жұ­мыс іс­тейді. Кеңеске ата-ана емес, педагоги­ка­ның иісі мұрнына баратын, нормативтік құжаттарды білетін азамат кіргені жөн. Есте­ріңіз­де болса, Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылында мұғалімге кафеге барғаны үшін шара қолданған. Байқап қарасаңыз, қазір құл иеленуші дәуірі емес. Әдеп дегендегі қоғам көзқарасы «арақ іш­пеу керек, темекі шекпеу керектен» ары аспайды. Біріншіден, мұғалім де адам. Жоғарыдағы оқиғада үстел басында арақ­тың ізі де болмаған. Суретке назар ау­дарсаңыз құмыраны көресіз. Ал оның ішін­де не барын ішіп көргендер ғана біледі. Нәтижесінде, шара қолданып, мұғалімге қатаң сөгіс берді. Оқытушыны мәжбүрлеген соң, өтінішін жазды да жұмыстан кетті. Осын­дай жайт орын алмасына кім кепіл? Сол үшін «Әдеп кеңесі» деп мұғалімнің әр ісіне шүйліге беретін болса, дұрыс емес. Осы заң жобасы шыққанда дабыл қа­ғып, алып тастауын сұрағанбыз. Егер пе­дагог әдеп нормасына жат іс-әрекет жа­саса, Әкімшілік кодекс, Қылмыстық ко­декс пен Азаматтық кодекс бар. Осы арқылы тек педагогті ғана емес, кез келген адамды жауапқа тартуға болады. Мысалы, ата-ана немесе оқушы мұғалімге тіл тигізсе арнайы айыппұл төлейді. Мұғалімге де сондай айыппұл қарастырылған. Құдай бетін ары қылсын, бірақ мектепте оқушыға бірдеңе болса, 10 күнге дейін қамауға алы­нады немесе 20 айлық көрсеткіш көле­мінде айыппұл төлейді. Осыны Әкімшілік кодекске кіргізді. Тура сондай бап Қылмыс­тық кодексте де тұр. Ол жерде 40 күнге дейін қамауға алынады деп жазылған. Мұндайда дубль жасамай, біреуін ғана қалдыру керек еді.    width= Айман САҒИДУЛЛА, «Мұғалім мәртебесі» қоғамдық                                                                                                            бірлестігінің мүшесі, ұстаз: – Негізі, «Әдеп кеңесі» мүлдем қа­жет емес дүние. Се­­­­бебі мектепте жұ­­мыс беруші мен жұ­мыс­­кер­дің арасында қандай да бір мә­селе туындайтын болса, оған Еңбек ко­дексінде көрсетілген Келісім комиссиясы бар. Келісім комиссиясына арыз жазу арқылы мұғалім істі сотқа жеткізбей шешуге болады. Келісім комиссиясы шешпей жат­қан жағдайда ғана сотқа жүгінуіне бо­лады. Былтыр заң жобасы дайындалып, тал­қы­лауға шығарылғанда мұғалімдер қарсы бол­­ғанбыз. Бірақ өкінішке қарай, заңға ен­гізіліп кетті. Мұғалім тәртібін ата-ана тексеріп, тағ­ды­рын шешетін болса, бұл – дұрыс емес. Мұғалімнің мәселесі «Әдеп кеңесінде» қа­рал­ғанын ата-ана көреді. Ол басқа ата-анаға, танысына, баласына айтпай ма? Ата-ана алдында мұғалім тәртібінің қаралуы ұят нәрсе. «Әдеп кеңесі» мектеп жанынан құрылғандықтан, қысым жасайтын ұйым­ның біріне айналып кетпесе дейміз. Мұғалім үні жоғары жаққа жетіп жатыр. Министрліктің кеңес құрамын өзгертетін ниеті бар. Алдағы уақытта «Әдеп кеңесінің» құрамы бекітіледі.    width= Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, Шымкент қаласы №41 мектептің тарих пәні мұғалімі: – Жалпы, мек­теп­те кәсіподақ бұ­рын­нан бар. Олар кө­бінесе мектеп ди­­­ректоры мен бас­шы­лықтың айт­қа­­ны­мен жүретіні жасырын емес. Енді «Педагог мәртебесі» заңы бойынша «Әдеп кеңесі» құрылатын болды. Оны бі­лім беруге уәкілетті орган өзі құрады. Яғни, мектеп басшылығы құрады. Мектеп басшыларының ішінде адалы да, басқасы да бар. Олар жақтастарын жанына топтап, ойын ашық айтатын ұстаздарға қысым көрсете ме деген қауіп бар. Не істерімізді білмей отырмыз. Заң қабылданып кетті, ал қоғам үнсіз отыр. Арамызда жанталасып жүрген он шақты мұғалім бар. Ата-ананың біразы әлі заңмен толық танысқан жоқ. «Әдеп кеңесі» еркін ойлы мұғалімді тұсап тастай ма деп ойлаймын. Ұстаз ретінде кеңес құрамына ата-ана­ның кіргеніне емес, мектеп директоры мен уәкілетті органның құрғанына қар­сы­мын.    width= Гүлнәр МАНСҰРҚЫЗЫ, Нұр-Сұлтан қаласы Ата-аналар қоғамдастығының                                                                                                                  төрайымы: – Қазір «Педагог мәртебесі» заңы бойын­­ша «Әдеп кеңе­­сін» жасақтап жатыр. Әрине, бұл жер­­де мұғалімнің де, ата-ананың да құ­­қығын қорғау үшін кеңеске ата-ана мүше болуы қажет. Бірақ педагогикадан, физиологиядан, психологиядан хабардар, тәжірибесі мен білімі бар ата-ана болса, құба-құп. Заңнан да хабары болғаны абзал. Осыған психологиялық жағынан қоғам дайын ба? Ата-ана мұғалімге баға бере ала ма? Бұл заңмен ұстаздың құқығын қор­­ғау емес, керісінше шектеу қойғандай әсер қалдырамыз. Аталған мәселеге назар аударған жөн. Субъективті түрде емес, объективті түрде қарау керек. Жалпы, ақпа­ратты министрлік, қоғам қайраткерлері мен қоғам белсенділері халыққа түсінікті етіп жеткізсе екен. Мұғалімнің тәртібін «Әдеп кеңесінде» қарау үшін қоғамның санасы соған жетуі керек.   Айзат АЙДАРҚЫЗЫ