Адам өліміне қатысты күдіктілер іздестіріліп жатыр – Атырау облысындағы атыс
Адам өліміне қатысты күдіктілер іздестіріліп жатыр – Атырау облысындағы атыс
Фото: Интернеттен алынды
130
оқылды
Атырау облысы Мақат ауданында атыстан 35 жастағы тұрғын қайтыс болды, – деп жазады «Ақ Жайық».  Қайғылы оқиға 15 мамырда болған. Бейресми дерекке сәйкес, жергілікті тұрғындар арасында жанжал туындап, жаппай төбелес болған. Оның соңы атысқа ұласыпты. Төбелес барысында аңшылық қаруы қолданылған. 35 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапқан. 29 жастағы тұрғын жараланған. Ол аудандық ауруханаға жатқызылған. Бұл факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінге тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция Мақат ауданының 20 жастағы екі тұрғын іздестіріп жатыр.