Аягөздегі арнайы интернаттағы оннан астам бала қызылша диагнозымен ауруханаға түсті, – деп хабарлайды «Еуразия» бірінші арнасы». Телеарнаның хабарлауынша, Шығыс Қазақстанда төрт бала ауруханада көз жұмды. Барлығы – Аягөздегі арнайы әлеуметтік қызмет балалар интернатының тәрбиеленушісі. Мекеме психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған. Аягөздегі арнайы интернаттағы оннан астам бала қызылша диагнозымен ауруханаға түсті. Кейбірінде ішек инфекциясы да анықталды.