Нұр-Сұлтанда биыл ең бірінші коммуналдық проблемасы шешілмеген елді мекендер газбен қамтылады

Нұр-Сұлтанда биыл ең бірінші коммуналдық проблемасы шешілмеген елді мекендер газбен қамтылады

Биыл елордада 5 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі. Қала әкімі Алтай Көлгінов ЖЭО-1/ЖЭО-2 газға көшіру және өнеркәсіптік сектор мен елді мекендерді газдандыру үшін газ тарату желісін салу жұмысы жайында айтты. Қала әкімдігінің мәліметінше, қаланы газдандыру — Елбасының тарихи жобасы. Железнодорожный елді мекенінде газбен жабдықтаудың 80%-дан астам тарату желісі салынды. Сондай-ақ, Көктал-1, Көктал-2, Промышленный және Агрогородок елді мекендерінде газ өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оңтүстік-шығыс (оң жағы), Оңтүстік-шығыс (сол жағы) ықшам аудандарында жұмыс басталды. Көктал-1, Железнодорожный елдімекендерінің әлеуметтік нысандарды газға жазда қосады. Ол «Железнодорожный» елді мекенінің тұрғындары газ тарту экологияға жақсы әсер етіп, жеке сектор тұрғындарының өмірін едәуір жеңілдететінін атап өтті. «Біз алдағы жылу беру маусымында көмір жақпайтынымызға қуанамыз. Көмірді қайдан сатып алу, оның сапасы, оны қайда сақтау жайын енді ойламаймыз. Жылу беру маусымында жеке сектордың тұрғындары үйден шыға алмайтын едік. Үйде болмағанда көршілеріміз бен туыстарымыздан пешке көмір салып беруін сұрайтынбыз. Енді мұндай проблема болмайды. Сонымен қатар газдандыру экологияны айтарлықтай жақсартады», – деді Болат Мұқатаев. Өнеркәсіптік сектор мен елді мекендерді газдандыру 3 кезеңде өтеді. Биылғы жылыту маусымында Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Промышленный, Железнодорожный елдімекендері газбен қамтамасыз етіледі. Оңтүстік-шығыс тұрғын үй алабында жұмыс басталады. Екінші кезеңде Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3 ПК), Пригородный, Garden Village және Family Village (4 ПК) елді мекендерінде өтеді. Үшінші кезеңде Ильинка (1-2-ші ДК), Шұбар (3-ші ДК), Өндіріс (4-ші ДК) тұрғын алаптары газдандырылады. Жобаны іске асыру мерзімі – 2020-2023 жылдарға есептелген. Газ жүргізу ауадағы зиянды қалдықтың 6 есе, қатты заттардың 40 мың тоннаға дейін азаюына мүмкіндік береді.