Халықаралық бақылаушылар пікірі
Халықаралық бақылаушылар пікірі
194
оқылды

Қазақ­стандықтардың белсенді түрде сай­лауға қатысқанын байқап, болашаққа зор сеніммен қарап отыр­ғандарын сезіндік


Gycman.JPG
Михаил ГУСМАН,
«ТАСС» ақпараттық агенттігі
бас директорының орынбасары:

– Біршама сайлау учаскелерін аралап келдік. Ең алдымен, сайлаудың атмос­фе­ра­сының өте жай­лы болғанын атап өткім келеді. Ел тұрғын­дары­ның сайлауда дауыс беруге көптеп келіп жат­қаны байқалады.

Әртүрлі елдерде түрлі сайлауда болдық. Қазақ­стандағы жауапкершіліктің жоғары деңгейі бізді ерекше қуантып отыр. Жалпы, сайлау процесінің өте жоғары дәрежеде ұйым­дастырылғанын айтқым келеді. Қазақ­стандықтардың белсенді түрде сай­лауға қатысқанын байқап, болашаққа зор сеніммен қарап отыр­ғандарын сезіндік.


Cydraba.JPG
Ингуна СУДРАБА,
Латвия Сеймінің депутаты:

– Қазақстандағы президент сайлауына осымен екінші мәрте келіп отырмын. Сайлау процедурасы бұрынғыға қарағанда, жақсара түскені байқалады. Біз бірнеше сайлау учаскесін аралап, ол жерлерде қызметкерлер міндеттемелерін жақсы білетініне көз жеткіздік. Кезек ұзақ болғанымен, халық са­быр­лы күйде келіп, өзін мазалаған сұрақтарға жауап алып кетті. Яғни, адамдардың бәрі де жо­ғары дәрежеде дайындалып, өзіне жүктелген міндетті жақсы түсініп отыр­ғанын аңғаруға болады.

 

Валерий СТЕРИО,
Румыния парламентінің депутаты:

– Түске дейін елордадағы төрт бірдей сайлау учас­кесін араладым. Шынымды айтсам, сай­лаудың демократиялық және транспарентті жүйе­сін көріп отырмын. Өзінің дауыс беру құқын – демократиялық құқын пайдалану үшін тұрғындар ауа райының жайсыздығына қарамастан, сайлау учаскелеріне келді. Балаларымен бірге келгендерді де көрдім. Ұзынсонар кезекке тұрды. Басқа да халықаралық байқау­шы­лар­мен бірлесе, кеңесе келе, сайлау сәтті өтіп жатыр деген тоқтамға кел­дік.

Сайлауға қатысуда халықтың белсенділігі жоғары екен. Бұл – сайлау үшін жақсы көрсеткіш. Қазақстандықтардың белсенділігін ерекше атап өтер едім. Осы елге бірінші рет жолым түсіп тұрса да, елдің дамуына, өмір сапасына, қала көркіне таңғалғанымды жасырмаймын. Бұл осы уа­қытқа дейін саясаттың бұл елде дұрыс жүргізілгенін білдіреді. Қа­зақ­станның болашағы да жарқын болар деген сенімдемін. Қазақстанның осы бағыттағы жұмысы жалпы аймақтағы басқа елдерге модель бола ала­ды.


Uyla.JPG
Юлия КОЛОНДАЕВА,
ТМД байқаушылары миссиясының өкілі:

– Ресейдің Саратов облысынан келдім, төрт сай­лау учаскесінде болдым. Сол учаскелердегі сай­лау қалыпты жағдайда өтіп жатты. Заң­бұзу­шылық болған жоқ. Сайлау­шылар үшін де, бай­қаушылар үшін де барлық жағдай жасалған. Мы­салы, №410 сайлау учаскесінде мүмкіндігі шек­теулі адамдар үшін арнайы құралдар бар. Сондай-ақ тұрғылықты жерінде дауыс бергісі келетіндерден сағат 12.00-ге дейін өтініш қабылданды.

 

Хосе Луис Орелья МАРТИНЕС,
«Арбиль» испан форумының президенті:

– Сайлау процесі стандарттық үлгіде өтті. Ке­ше таңертең түрлі делегация мүшелерімен сөй­лестім. Бәрі де ешқандай өрескел қателік бол­мағанын айтты. Бұл сайлау процесі Қазақстан үшін, Орталық Азия өңірі үшін өте маңызды. Қа­зақстан аталмыш аймақта тұрақтылықты қам­тамасыз етіп отыр. Жаңа саяси буын үшін өте елеулі оқиға. Қауіпсіздік кеңесінде, БҰҰ-да өз орны бар мемлекет. Еу­ропа, Ресей, Қытай сияқты бірнеше ірі экономикамен шектесіп жатыр.

 

Антонио МИЗЯНИ,
Италия Республикасының сенаторы:

– Қазақстан үшін маңызды қадамдардың бірі бо­лып отырған сайлау жоғары деңгейде өтті. Біз­дің ойымызша, процесс таза ұйымдастырылған. Біз барған сайлау учаскелерінде халықтың көптеп ке­ліп жатқанын көрдік. Халықтың көбі мерекелік көңіл күйде жүр. Бұл халықтың жағдайы жақсы еке­нін көрсетеді.

 

Kobaz.JPG
Шандор КОВАЧ,
Мажарстан мемлекеттік
жиналысының депутаты:

– Қазақстанда бұған дейін де болғанмын. Осы­дан оншақты жыл бұрын елдеріңізде сайлаудың мереке сияқты өтетінін көрген едім. Кеше де дәл солай болды. Ұйымдастыру жағына келер болсақ, Еуропа елдеріндегідей барлық халықаралық стан­дарт сақталған. Таңертеңнен бері өзге де ха­лық­а­ралық байқаушылармен бірге бірнеше сайлау учас­кесінде болдық. Көзбен көргенді саралай келгенде түйгенім, ең бас­тысы, қауіпсіздікке жоғары көңіл бөлінген екен.

 

Айдана БЕГІМ