Халықаралық ғалымдар тобы кері генетика әдісі арқылы SARS-CoV-2 жасады, - деп хабарлайды Lenta.ru Cell журналына сілтеме жасап. Басылымның хабарлауынша, коронавирус жасанды әдіс арқылы дайындалған, бірақ ол табиғи коронавирустың толық көшірмесі.
Мәскеу физика-техникалық институтында геном инженериясы лабораториясының жетекшісі Павел Волчковтың айтуынша, кері генетика әдісі арқылы вирусты қайта құрастыруға, сондай-ақ оның құрамында не бар екенін анықтауға болады.