Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Инвестклиматымыз үздік деп танылды

«Айқын» ақпарат
Маусым 11, 2019
Саясат
1.2k
қаралым

Президентке «Самұрық-Қазынаның» басшысы Ахметжан Есімов есеп берді   

Президент Есімовтің есебін тыңдады

«Самұрық-Қазына» «Қазпоштаны» сатып жатыр

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқар­ма төрағасы Ахмет­жан Есімов Петер­бург­тегі халықаралық экономикалық форум аясын­да бірқатар ресейлік және еуропалық компания­лар­дың басшы­лары­мен инвес­тиция­лық кездесулер өткізді. Осы бас­қосуларда Қазақ­стан­дағы инвестициялық климат посткеңістікте ең үздік деп танылды.

Аталған форум 1997 жылдан бері Петерборда өткізілетін эконо­ми­калық саладағы іскерлік жиын. Оған жыл сайын әлемнің 100-ден астам елінен 10 мыңнан астам адам қатысады. Форумның негізгі аудиториясы – ірі ресейлік және шетелдік компаниялар, мемле­кет басшылары, саяси көш­бас­шылар, премьер-министр­лер, вице-премьерлер, министрлер, губер­на­­торлар. Міне, осы ауқымды бас­­қосуда «Самұрық-Қазына» ұлт­­тық әл-ауқат қорының бас­шы­сы А.Есімов қор үшін маңызды кездесулер өткізді. Мәселен, неміс­тің «Шнейдер Электрик» ком­­паниясының өкілдерімен өт­кен кездесуде «Самұрық-Қазы­на» АҚ-ның тау-кен компа­ния­­ларын цифрландыру және осы саладағы қазақстандық кадрларды жүйелі оқыту туралы келісті.

«Біз мұнайшыларға арналған оқу орталығын ашу туралы шешім қа­былдадық. Шнайдер қордың ен­шілес компанияларына қызмет­кер­лерді дайындауға көмектеседі», – деді «Шнейдер Электрик» ком­па­ниясының Ресейдегі және ТМД елдеріндегі президенті Йохан Вандерплаетсе.

Ахметжан Есімовтің Ресей мен ТМД-да KPMG басқарушы серік­тесі Олег Гощанскиймен кезде­суін­­де де цифрландыру тақырыбы тал­қыланды. Тараптар қазақстан­дық компанияларға цифрландыру шеңберінде алдыңғы қатарлы құралдарды енгізу мүмкіндігін беру үшін KPMG компаниясының Орталық Азияда KPMG Digital Village ашу жөніндегі жобалары мен жоспарларын, сондай-ақ «Сам­ұрық-­Энерго» АҚ-мен ынты­мақ­тастықты талқылады.

Қор басшысы ВТБ Банк пре­зи­­­дентінің бірінші орынбасары – Басқарма төрағасы Юрий Со­ло­вьев­­пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жұмысын, AEON Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Роман Тро­цен­ко­мен полипропи­лен, алтын және азот-минералды тыңайтқыштарын өндіру жоба­ларын­дағы ынтымақ­тастықтың мүмкіндіктерін сөз етті.

Кездесу соңында А.Есімов «Лукойл» КАҚ» ұлттық компания­сы­ның президенті Вагит Алек­пе­ров­­пен кездесіп, мұнай-газ сала­сын­дағы инвестициялық ынты­мақ­­тастықты одан ары дамыту мә­се­лелерін талқылады. Осы кез­­­­десуде Каспий теңізінің қазақ­стан­дық сек­­торында орналасқан «I-P-2» жо­ба­сының шеңберінде ынты­мақ­тас­тық­тың негізгі шарттары келі­сіл­ді.

Барлық кездесулердің қатысу­шы­­лары «Самұрық-Қазына» қоры­мен қарым-қатынастардың жақсы дина­микасын атап өтті, сондай-ақ Қазақ­стандағы ин­вес­ти­­циялық кли­мат посткеңістікте ең үздік деп танылды.

Тұмар МЫРЗА
 
Тегтер: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорыАхметжан ЕсімовИнвестклиматымыз үздік деп танылдыПетербургтегі халықаралық экономикалық форум
Алдыңғы жаңалық

Жазда қандай жеміс-жидек жеу керек?

Келесі жаңалық

Бекіре балығының төлқұжаты болады

Ұқсас жаңалықтар

Әсет Тұрысов, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, Қазпошта
Жаңалықтар

Тұрысов жаңа қызметке тағайындалды

Қаңтар 19, 2021
Әсет Ерғалиев, Ұлттық экономика министрі
Жаңалықтар

Сіз кімсіз, Әсет Ерғалиев мырза?

Қаңтар 19, 2021
Анар Жайылғанова, Президент, мемлекеттік қызмет
Жаңалықтар

Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады

Қаңтар 19, 2021
вакцина, Асқар Мамин, Президент
Жаңалықтар

Президентке Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцинаның тиімділігі туралы айтты  

Қаңтар 19, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Джо Байден АҚШ президенті қызметіне ресми кірісті

Қаңтар 21, 00:10

Алматы облысында республикалық трасса жабылды

Қаңтар 20, 23:33

Нұр-Сұлтанда супермаркеттердің біріне 10 мың дана экодорба таратылады

Қаңтар 20, 22:56

Мадридте жойқын жарылыс болды

Қаңтар 20, 22:26

Полицейді көлігімен сүйреген ер адам 5 жылға сотталды

Қаңтар 20, 22:05

Сергей Морозов UFC-де Нурмагомедовтен ұтылып қалды – видео

Қаңтар 20, 21:23

Қанат Исламның жекпе-жегі кейінге қалдырылды

Қаңтар 20, 21:01
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

АҚШ

Джо Байден АҚШ президенті қызметіне ресми кірісті

Қаңтар 21, 2021
Алматы

Алматы облысында республикалық трасса жабылды

Қаңтар 20, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»