Америкалықтар асырап алған бала қазақстандықтардан көмек сұрады
Америкалықтар асырап алған бала қазақстандықтардан көмек сұрады
© Facebook
194
оқылды
Қазақстаннан асырап алынған америкалық бозбала Өскемендегі туыстарын іздеп, желіде жазба жариялады, деп хабарлайды zakon.kz. Жас жігіт өз оқиғасын Facebook-тегі Kazakh American Association парақшасында бөлісті. Марат Тоқтарұлы Оразғалиев 2001 жылы туған. 2002 жылы оны американдық отбасы асырап алады. Қазір оның есімі - Теодор Уолтон. "Сәлем! Туған отбасым туралы ақпарат іздеп жатырмын, сіздерден қандай да бір көмек болады деп үміттенемін. Жақында Қазақстандағы отбасымның суреттері табылды. Мен Өскеменде дүниеге келіппін, әпкем мен інім бар екен, соларды іздеймін. Кез келген көмектеріңіз маған пайдалы болар еді", - деп жазды Теодор. Ол Өскемендегі тегіне ұқсас адамдардың өзіне хабарласуын сұрайды, мүмкін олардың біреуі оның туысы болар.