Хакерлерден құралған топ АҚШ президенті Дональд Трамптың 169 электрон хатын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz FR24news-ке сілтеме жасап. Бұған дейін хакерлер Нью-Йорктегі Grubman Shire Meiselas & Sacks заң компаниясының деректерін ашқан болатын. Қаскүнемдер 756 гигабайт болатын деректерді алған. Онда Мадонна, Леди Гага, Элтон Джон, Роберт Де Ниро және басқа да танымал тұлғалар туралы мәлімет болған.
Хакерлер Grubman Shire Meiselas & Sacks фирмасының өзіне де хабарласқан."Grubman, егер ақша алмасақ, компанияны жойып жібереміз", - деп жазған қылмыскерлер.Компания ешқандай ақша төлемейміз деп шешіп, хакерлердің әрекетін "террористік" деп атады. Содан соң компания өкілдеріне шифрленген файлдар мен парольдер келген. Олардың ішінде Трамптың аты аталған 169 электрон хат болған. Хатта АҚШ президентіне қатысты маңызды не қауіпті ақпарат жоқ екен.
"Бұл деректерді "жұлдыздардың" өзі сатып алмаса, БАҚ өкілдері сатып алады. Бізге бәрібір. Бастысы, біз ақша аламыз", - деген қылмыскерлер.