Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 50%-дан астамы сауықты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 50%-дан астамы сауықты

Қазақстанда коронавируске шалдыққандардың 50 пайыздан астамы емделіп шықты. Бұл туралы ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты. «Бүгінгі күні Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 6 440 жағдайы тіркелді. 3 256 адам немесе 50 пайыздан астам жазылып, үйлеріне шығарылды. 3 150 пациент ем алып жатыр. Өткен тәулікте елімізде жаңадан 283 жағдай тіркеліп, өсім 4,6 пайыз болды. Бұл -айқындалған өсім аясында деген сөз. Олардың негізгі бөлігі - 187 оқиға скрининг арқылы, белсенді іздестіру барысында анықталды», - деді ол «Денсаулық министрлігі хабарлайды...» бағдарламасы барысында. Оның дерегінше, 283 адамның 69-ы - коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болғандар. 18 жағдайда вирус - ЖРВИ, тұмау белгілерімен жедел жәрдемге хабарласқаннан кейін анықталған. «Ақтөбе мен Шығыс Қазақстан облыстарында жаңа жағдайлар тіркелген жоқ. Апта ішіндегі ахуалды алып қарасақ, 11 мамырдан 17 мамырға дейін 1 350 науқас тіркелді. Өсім қарқыны 2-ден 5 пайызға дейінгі аралықта ауытқып тұрады. Олардың 80 пайызы алдын алу скринингі барысында анықталған», - деді Тимур Сұлтанғазиев.