Жұмыстан қысқарғандарға 6 ай бойы жалақысының 50%-ы төленеді
Жұмыстан қысқарғандарға 6 ай бойы жалақысының 50%-ы төленеді
© сурет интернеттен алынды
178
оқылды
Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директоры Дәулетжан Хасанов мәлімдеді. «Мұнай нарығындағы қалыптасқан жағдай қаншалықты қиын болса да, біз әрбір қызметкердің, олардың отбасыларының алдындағы әлеуметтік жауапкершілігімізді толық сезінеміз. Сондықтан біз «Самұрық Қазына» қорының тапсырмасы бойынша әлеуметтік-жауапкершілік бағдарламасын әзірледік. Осы бағдарламаға сәйкес біз босатылған қызметкерлерге барынша қолдау көрсетеміз», – деді ол. Жалпы саны компанияда 249 штат қысқарады. Оның 10%-ы компанияның еншілес кәсіпорындарына жұмысқа орналастырылады. Ал қалған 90%-ы 3 айлық жалақысын бір реттік өтемақы ретінде алады. Кейін тағы 6 ай бойы «ҚазМұнайГаз» оларға еңбекақыларының 50%-ын төлеп отырады. «Ал әлеуметтік қорғалған топтағы қызметкерлерге 12 айлық жалақысы бір реттік өтемақы ретінде төленеді. Сонымен қатар әр жұмыстан шыққан адам мен оның отбасы мүшелері 2021 жылдың ақпанына дейін компания есебінен медициналық сақтандыру қызметін пайдалана алады. Бұдан бөлек, ҚМГ компаниялар тобынан жеңілдікпен несие алғандардың несие мөлшерлемесі келісім-шарт мерзімі аяқталғанша сақталады», – Дәулетжан Хасанов. Қысқарған қызметкерлерді қолдау бағытында жүзеге асырылатын жобаның бірі – аутплейсмент бағдарламасы. Оның негізінде жұмыссыз қалдандарға арнайы коуч-сессиялар ұйымдастырылып, мамандардың мықты тұстары сарапталып, әр адамның жеке даму жоспары жасалады.