Аягөздегі интернатта төрт бала көз жұмды
Аягөздегі интернатта төрт бала көз жұмды
Фото ашық дереккөзден алынды
166
оқылды
Шығыстағы Аягөз ауданында орналасқан психоневрологиялық патологиясы бар балаларға әлеуметтік қызмет көрсету интернатынан тағы да шу шықты. Нақтырақ айтсақ, төрт бала қайтыс болған. Олардың бәрі – Аягөздегі психоневрологиялық патологиясы бар балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған интернаттың тәрбиеленушілері. «Еуразия» бірінші арнасы хабарлаған деректерге сүйенсек, Аягөздегі арнайы интернаттағы оннан астам бала қызылша диагнозымен ауруханаға түскен. Кейбірінде ішек инфекциясы да анықталған. Бұған дейін интернатта балалар қызылшадан ғана емес, ағзаның әлсіреуінен де көз жұмуы мүмкін деген ақпарат шыққан болатын. Алайда, облыстың бас педиатры бұл мәліметті жоққа шығарды. – Асқынған коморбидті фон, туа бітті патология, кахексия өлімге себеп болды. Облыстық ведомствоаралық комиссия жұмысы барысында орталықтағы барлық балаларды тексердім. Олар медициналық және әлеуметтік қызметті толық көлемде алып жатыр. Тәулік бойы мекеме қызметкерлерінің бақылауында, – деді облыстың бас педиатры Шолпан Мақашева. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев балаларды коронавирустан қорғау үшін мекемеде карантин режимі енгізілгенін мәлімдеді. Бұған дейін балалар мен мекеме қызметкерлері COVID-19-ға сынама тапсырып, нәтижесі теріс болып шыққан. Бұл бірінші рет шыққан шу емес. Аталған мекемедегі кәмелетке толмаған 3 бала 2019 жылдың наурыз айында бірнеше рет зорлық-зомбылыққа ұшырады деген ақпарат тарап, артынша жалған ақпарат таратқан мекеменің бұрынғы қызметкері жауапкершілікке тартылған болатын. Айта кетейік, қазір бұл мәселеге еліміздегі бабалалардың құқығын қорғау ұйымдары араласуда.

Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан