SAMGAU фестивалі шымылдығын түрді
SAMGAU фестивалі шымылдығын түрді
212
оқылды

Астанада қалалық Мәдениет және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 10-17 маусымы аралығында samgAU халықаралық театр фестивалінің VIІ маусымы өтеді.

Фестиваль дәстүрлі түрде жетін­ші мәрте шымылдығын түргелі отыр. Мәдени шараға Ресей, Литва, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің және еліміздің бірнеше өңірінің театрлары көрермен назарына үздік қойылымдарын ұсынады.

Фестивальдің шымылдығын алғаш болып Нұр-Сұлтан қаласы әкім­дігінің Жастар театры М.Әуе­зов, Қ.Мұхамеджановтың «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы ашты.

Биыл театр өнері апталығында 15 ұжым өнерлерін ортаға салмақ, оның ішінде бесеуі елордалық: «Жас­тар» театры, М.Горький атын­дағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Қ.Қуанышбаев атын­дағы Мемлекеттік академия­лық музыкалық драма театры, Nomad City Hall комедия театры мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұр­кен Өтеуіловтің театры SAMGAU фестиваліне алғаш рет үлес қоспақ. Сонымен қатар халықаралық шара бары­сында Қазақстаннан Н.Пого­дин атындағы Солтүстік Қазақ­стан драма театры (Петропавл), «Жаңа ғасыр» театры (Алматы), Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры (Павлодар), С.Сей­фул­лин атындағы облыстық қазақ драма театры (Қарағанды), Шығыс Қазақстан облысының дра­ма театры (Өскемен) ша­қы­рыл­ды. Ал шетелдік қаты­су­шы­­лардың арасын­да Өзбекстан мемле­кеттік драма театры (Ташкент), «У Моста» Пермь театры (Ресей, Пер­мь), Жаңа көркем театры (Ресей, Челябі), Pilies театры (Литва, Клай­пе­да), Б.Кыдыкеева атындағы Қыр­ғыз мемлекеттік жас көрермен театры (Қырғызстан, Бішкек) бар.


Әділ БЕК