Ішкі істер министрлігі Аягөзде қайтыс болған 4 баланың ісін бақылауға алды
Ішкі істер министрлігі Аягөзде қайтыс болған 4 баланың ісін бақылауға алды
© Тұрар Қазанғапов
139
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы арнайы әлеуметтік көмек орталығының 4 тәрбиеленушісі көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz. Аталмыш балалар орталығынан 10-ға жуық бала «қызылша» диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Кейбірінен ішек инфекциясы анықталды. Салдарынан төрт бала қайтыс болды. Ішкі істер министрлігі істің тергелуін өз бақылауына алды. «ҚР ҚК 317-бабы 4-бөлігі «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, сәйкес сараптамалар тағайындалды», - делінген ақпаратта.