Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов еліміздегі қоймаларда қанша бензин бар екенін айтты. «Көптеген елдерде індетке қарсы шараларды енгізуге қатысты жанар-жағармайды пайдалану көлемі төмендеді. 2020 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша бензинді пайдалану көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 91 пайызды құрады. Биылғы сәуір айында 222 мың тонна отын жағылды, бұл көрсеткіш ақпан айына қарағанда 30 пайызға төмен (319,6 мың тонна)», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында. Оның сөзіне қарағанда, дизель отыны бойынша пайдалану деңгейі айтарлықтай төмендемеді. «4 айда 1 млн 450 мың тонна дизель отыны жағылды немесе былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 94 пайызды құрады. Сәуір айында 382 мың тонна отын жағылды және бұл көрсеткіш ақпан айына қарағанда 15 пайызға жоғары болды. Бұған көктемгі егіс жұмыстарының басталуы әсер етті», - Ә. Мағауов.