Мақтааралға БҚО-дан көмек жетті
Мақтааралға БҚО-дан көмек жетті
157
оқылды
Мақтааралдағы  су тасқынынан қиналған тұрғындарға Батыс Қа­зақ­стан облысынан 20 тоннадай гу­манитарлық көмек келді. Бұл керуенді жергілікті кәсіпкерлердің кө­мегімен Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық фи­лиа­лы ұйымдастырды. Атап айтсақ, сол өңірдегі облыстық мәслихат депутаттары Нұрғазы Сәтбаев, Мұрат Жақсыбаев, Валерий Голоухов, Ва­лерий Крылов және «Кублей» ЖШС ұжымы мен меценаттар іс-шараға атса­лысқан. Атакенттегі орталық қоймаға жал­­­­­пы құны 10 млн теңгелік жүк тү­сі­­­ріл­ді. Ақ­жайық­тың жағалауынан кел­­­ген азаматтар тұр­ғындардың сұ­ра­­­нысына сәйкес, азық-түлікпен қа­­­тар өзге де қажетті заттарды ала ке­­­­ліпті. Оның ішінде 1 тонна ұн, 1 500 литр өсімдік майы, 2 000 дана кон­­сер­віленген тағам бар. Оған қоса, 1 000 да­на шелек пен кір жуғыш ыдыстар, 300 дана матрас пен жылы жамылғы, «Талап» АҚ-ның антисептиктері, ги­гиеналық зат­тар мен жөргектер де жет­кізілді. Батыстағы ағайынның ыстық ықы­ласын ала келген азаматтар мақ­таарал­дық­тармен бірге екенін және оларға әр­дайым көмек көрсетуге дайын екенін ай­тып, жергілікті тұрғындарға қолдау біл­­дірді. Айта кетейік, қазіргі кезде Түркістан об­­лысы Мақтаарал ауданындағы то­пан су салдарын жоюға мемлекет, тұ­тас қоғам, ел атсалысуда. Еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек жеткізіліп, тұрғындардың үйлерін салу, өтемақыларын төлеу бағытында да жұ­мыс­тар басталып кетті. Мәселелердің ашық түрде шешілуін, көмектің әділ жет­­кізілуін қамтамасыз ету мақсатында бұл жұмыстарға жергілікті қоғам бел­сенділері де тартылып жатыр.  

Әбілмансұр ЖАСАН