Nur Otan партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері халыққа қызмет көрсету орталығында болып, ондағы жұмыстармен жете танысты. Шара барысында карантиндік шараларға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өз кезегінде мекеме басшысы Э.Игильманова қалыптасқан жағдайға байланысты 11 мамырдан бастап жұмыс уақыты таңертеңгі сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін түскі үзіліссіз атқарылып отырғанын баяндады. Дайын құжаттар арнайы терезе арқылы байланыссыз тапсырылады. Қазіргі уақытта мекеме қызметкерлері де, қызмет алушылар да сақтық шараларын басты назарда ұстайды. Тексеріс кезінде қызметтің барлық түрі халыққа жауапкершілікпен ұсынылып отырғаны, шектеу шараларының және мекемедегі санитарлық жағдайдың сақталуы да талапқа сай екені анықталды.
Абылайхан ЖҰМАШ