Қазақстанда жоқ мұғалімді жұмысқа қабылдап, оның айлығын алып отырған директор ұсталды
Қазақстанда жоқ мұғалімді жұмысқа қабылдап, оның айлығын алып отырған директор ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
Әлеуметтік желідеігі «Алматыдағы №71 мектеп-лицей директоры қызметінен заңсыз алынды» деген мәселеге қатысты Алматы қаласының білім беру басқармасы осы мәселеге байланысты мәлімдеме жасады, – деп жазады zakon.kz. Басқарманың хабарлауынша, №71 мектеп-лицей директоры Кулик С.Н. есімді әйел заңды негізде қызметінен алынды. Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Кулик С.Н. үстінен ҚР ҚК 189-бабы, 3-б. (Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша іс қозғапты. Жүргізілген тергеу барысында анықталғандай, №71 мектеп-лицей директоры С.Н.Кулик 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жоқ мұғалімді жұмысқа қабылдау арқылы қаладағы банкоматтардан 3 155 000 теңге ақшаны заңсыз алған. Сөйте тұра, аталған кезеңде «жұмысқа қабылданған» мұғалімнің Қазақстанда жұмыс істеуі мүмкін емес болған, ол тіпті Қазақстан аумағында болмаған, тұрақты түрде шетелде тұратын адам екен. Кулик С.Н. енді өз кінәсін мойындап, жасаған қылмысы үшін қатты өкінетінін айтып отыр. Алматы қаласының білім беру басқармасы Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысымен директорға қатысты қазірше еңбек келісімшартын үзу түріндегі тәртіптік жаза қолдану керек деп шешті.