Қытай коронавирустан зардап шеккен елдерге 2 миллард доллар бөлуді ойланып жатыр
Қытай коронавирустан зардап шеккен елдерге 2 миллард доллар бөлуді ойланып жатыр
Фото: Интернеттен алынды
140
оқылды
Қытай алдағы 2 жылда коронавирустан зардап шеккен елдерге 2 миллиард доллар бөледі, – деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Қытайдың басшысы Си Цзиньпин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-сессиясында мәлімдеді. Қаржылай көмек алдымен дамушы елдерге беріледі. Цзиньпин сондай-ақ эпидемиямен күреске қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін гуманитарлық көмек хабы құрылатынын жеткізді. Ол сондай-ақ «Қытай індеттің таралуын жасырды» деген сынға да жауап берді. Айтуынша, Қытайдың халықаралық ұйымы дертке қатысты барлық мәліметті дер кезінде таратқан.