Қарағандының 47 жастағы тұрғыны өзін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі тергеу департаменті бастығының орынбасары, полковникпін деп таныстырып, тәртіп сақшыларын алдаған. Оның заңсыз әркетін әшкерелеуге полицейлер мен ҰҚК қызметкерлері атсалысты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Айта кететін жайт, оқиға 23 сәуірде төтенше жағдай режимі кезінде болған. Онда ер адам көлігімен көше кезіп, оны жол ережесін бұзғаны үшін полицейлер тоқтатқан. Ол полицейлерді ҰҚК полковнигімін, ішкі тергеу департаменті бастығының орынбасарымын деп алдайды. Бірақ оны растайтын ешқандай құжат көрсетпеген. Оның айтқан бүкіл әңгімесі видеоға түсіп қалған. Аталған азаматтың әрекеті күдік туғызып, мән-жайды анықтау үшін полицейлер ҰҚК қызметкерлерін шақырады. Ұсталған күдікті Қарағанды қалалық полиция басқармасының Оңтүстік-шығыс бөлімшесіне жеткізілді. Тергеу барысында ол өзінің өтірік айтқанын мойындап, өкінетінін айтты. Ер адам Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 476-бабы бойынша айыпты деп танылды. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынды. «Полковник» бұған дейін де алаяқтығы үшін сотталған. Ол өзінің лауазымы жоғары адам екенін айтып, облыс тұрғынының қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруына көмектесуге уәде берген» деп мәлім етті Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі. https://youtu.be/FgZQI6zwNSs