Мұғалім кәсіподаққа наразы
Мұғалім кәсіподаққа наразы
362
оқылды
Кейінгі кезде мұғалімдер арасында кәсіподақ жұмы­сы­на шағымданатындар көбейді. Ұйымның ұстаз пікі­рі­мен санаспай одаққа тіркейтінін, жазбаша келісімсіз жа­лақыдан жарна ұстайтынын айтады. Әрі қоғамда  «кә­сіпо­д­ақ құқымызды қорғамайды» дейтін пікір бар. Шы­ны­мен, кәсіподақ саясаты осындай ма? Елімізде Кәсіподақтар фе­­­дерациясы жұмыс істейді. Оған елдегі барлық кәсіподақ кі­реді. Оның ішінде 22 салалық кә­сіп­одақ пен 16 аймақтық кә­сіп­­одақ бар. Аудан мен қала, ауыл­да да бастауыш ұйымдары өзі­не жүктелген міндетті ат­қа­рады. Олар Еңбек туралы заң­намалардың орындалуына қо­ғамдық бақылау жасайды. Ке­лісім және өндірістегі келеңсіз жағ­дайларды тексеру жөніндегі комиссиялар арқылы кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғайды. Ал Күршім ауданында тұ­­­ра­тын мұғалім Аяужан Нұр­лан­қызы кәсіподақ жұмысына бай­ланысты сотқа шағым түсірмек. Әзір­ге келісім-комиссиясының шешімін күтіп жүр. Ол жұмысқа кіргенінде бастауыш кәсіподақ  ұйымы өкілінің жарна алу жө­нін­де жазбаша өтініш сұра­ма­ғанын айтады. Жарнадан бұ­рын ұйымның мұғалім құқы­ғы­на селқос қарайтынын, «бас­шы­лықпен ауыз жаласып әрекет ете­тінін» алға тартады. «Жалпы, еңбек өтілім 11 жыл­дан асты. Жас маман бо­лып жұмысқа орналасқанда, кә­сіподаққа мүше болу үшін жаз­баша өтініш толтыру керек екен. Бірақ бұл жайында бізге еш­қандай түсініктеме берген жоқ. Оқу орнында да кәсіподақ ту­ралы мәлімет бермейді. Жұ­­мысқа қабылданғанымда кә­сіп­одаққа кіру міндетті деп ой­ладым. Кәсіподақтың мақ­са­ты қандай? Нендей жұмыс іс­тей­тінін анық білмеймін. Жарна тө­леу мәселесі бойынша да сұ­рақ көп. Оны да  мұғалімнің жаз­баша рұқсатымен алу ке­рек. Мысалы, өз басым жаз­ба­ша рұқсат бермегенімді анық бі­ле­мін. Бұл біреудің қал­та­сындағы ақ­шаға қол сұғумен тең», – дейді бас­тауыш сынып мұғалімі. «Ұстаз» Алматы қала­лық кә­сіподақ ұйымы басшы­сы­ның кеңесшісі Қожахмет Тай­бо­латұлы Аяужан Нұр­лан­қы­зы­ның өтініш толтырмағаны ту­ралы дәлелі болса, сотқа ша­ғым­дана алатынын ай­тады. Сала қызметкері-нің сө­зінше, кә­сіподаққа заңсыз тір­кеуге еш­кімнің құқы жоқ. Ол Кә­сіп­одақ­тар туралы заңда бәрі нақ­­ты жазылғанын жеткізді. Әрі кә­­сіподаққа мүше емес мұғалім де ұйымнан көмек сұрай ала­ды. Аяужан Нұрланқызының сө­зінше, мұғалімнің қаражатын жұм­­­сап отырған соң кәсіподақ есеп беруге міндетті. «Мынадай ша­р­аға қаржы бөлеміз» деп қол қой­дыруы керек. Ол жұмыс іс­тей­тін мектепте кәсіподақ жи­на­­лысы өтпегеніне 2-3 жыл бол­ған екен. Сондай-ақ мұға­лім кә­­­­­­сі­п­о­дақ басшылыққа ба­ғы­ныш­­ты ұйым екенін алға тар­тады. Ұйымды мұғалім басқарған соң, басшылық пен мұғалім ара­­сында дау шықса, кәсіподақ бас­шы­сы­ның позициясы белгілі екенін айтты. «Шыны керек, біздің кә­сіпо­дақ туралы сауатымыз төмен. Не­ге төмен? Өйткені кәсіподақ жұ­мысымен таныстырып, мұ­ғалімдердің сауатын ашатындай жұмыс жүрмейді. Тек қана жарна ұс­тайтын ұйым деп танимыз. Мә­селен, мектепте құрмет тақ­та­сы бар. Тақтаның аты ғана кә­сіподақтыкі. Құрмет тақтасына қай мұғалімнің аты-жөні жа­зы­латынын, не болатынын бас­шы­­лық шешеді. Ал кәсіподақ кө­сеудің қызметін атқарады», – дей­ді Аяужан Нұрланқызы. Шиелі кентіндегі №48 Ә.Мұ­­­­рат­баев атындағы мектеп-ли­цей директорының тәрбие ісі жө­ніндегі орынбасары Эльмира Ба­қытқызы да әріптесінің пікі­рі­мен келіседі. Осыған дейін кә­сіподақтың тіркеу кітабын не жур­налын көрмегенін жеткізді. Мек­тепке жаңадан келген мұғалім ав­томатты түрде мүшелікке қа­был­данатынын да растап отыр. Ол да мектептегі бастауыш кәсіп­одақ ұйымы директорсыз ештеңе жасай алмайтынына күйінеді.    width= «Кәсіподақ басшысын сай­ла­ғанда бірнеше критерийге назар ау­дарған жөн. Мұғалімді ұйым бас­шысы етудің қажеті жоқ. К­ә­сіподақ басшысы директорға тәуел­ді болмауы керек. Мектеп инс­пекторы сияқты басқа органға қа­рауы қажет. Жұмысын жақсы бі­летін, заңнан хабары бар адамды сай­лаған дұрыс. Ақыры ай сайын жалақымыздан жарна ұстайды. Ұйым жетекшісіне айлығын жар­на­дан түскен қаржыдан төлесін. Сон­да ол сауатты жұмыс істейді. «Кім­нің арбасына мінсең, соның әнін шырқайсың», – дейді. Мұ­­­ғалімдер ақша төлегесін, ол да ұстаз құқығын қорғап, та­лап ете­ді», – дейді Эльмира Бақыт­қызы. «Ұстаз» Алматы қалалық кә­сіп­одақ ұйымы басшысының кеңесшісі Қожахмет Тайболатұлы әркім өз өтініші бойынша ұйымға тіркелетінін айтты. Ал өңірлерде мұндай қателік кетсе, бастауыш кә­сіподақтар ұйымының ол­қы­лы­ғы екенін атады. Мысалы, Ал­маты қаласында 8 аудан болса, бар­лығы топтасып аудандық ұйым­ға қарайды. Аудандық ұйым бі­лім саласы қызметкерлері жаз­ған өтінішін тексереді. Егер кә­сіп­одаққа мүше болмаса, жұмыс беру­ші мұғалім жалақысының 1%-ын ұстамайды. Кәсіподақ ту­ралы заңда көрсетілгендей, ұйым­ның үшжақты келісімшарты бар. «Кәсіподақ, «Атамекен»  кәсіп­кер­лер палатасы мен қалалық бі­лім басқармасы арасында 3 жыл­ға келісімшарт жасалады. Ал өңірлерде әкімшілікпен жа­са­латын келісімшарт бар. Бір жа­ғында қалалық әкімшілік, бір жа­ғында кәсіподақ пен «Ата­мекен»кә­сіпкерлер па­ла­тасымен мөр ба­сып, қол қояды. Сайлауға келсек, бас­шы 5 жылға сайланады. Егер кә­сіподақ мүшелерінің 2/3 пайы­зы өтініш жасап, жетекшіге көңі­лі толмағанын айтса, қайта сай­лау өтеді. Мәселен, «Ұстаз» кә­сіп­ода­ғын­да 45 мың адам бол­са, соның 30 мыңы басшы жұ­­­мысына сын көз­­бен қараса, қайтадан сайлау өт­кіземіз», – дейді Қожахмет Тай­болатұлы Ал Шиелідегі №127 мектеп-лицей мұ­ғалімі Майра Сәпекқызы өткен жылы аудандық кәсіподақ ұйымына көмек сұрап барған. Үміт арқалап барған 6 мұғалім еңбек демалысына төленетін үс­­темеақыны алмағанына 9 ай өт­кеніне шағымданған. Ұйым басшысы облысқа аудан ахуа­лы жақсы екенін мәлімдеп, есеп беріп қойғанын айтқан. Ең­­бек демалысы ақысы да дұ­рыс төленгенін алға тартқан. Кә­сіподақ басшысынан демеу бол­майтынын білген мұғалімдер Ең­бекті қорғау басқармасына арыз­данған. Прокуратура мен бас­қарма тыңғылықты зерттеу жүр­гізіп, аудан мұғалімдеріне ең­бек демалысына төленбеген үстемеақыны өндіріп берген. Әрі Майра Сәпекқызы бас­та­ған ұстаз­дар қауымы облыс­тық кә­сіподақ төрағасы орын­ба­сары­мен жүздескен. «Алдына барғанымызда об­лыс­тық кәсіподақ төрағасы орын­­басары жыл сайын жаңа жыл қарсаңында мұғалімдерге сыйақы берілетінін айтты. Естіген құлақ сенер-сенбесін білмеді. 34 жыл еңбек өтілім бойынша, кә­­сіподақ жаңа жыл мерекесіне орай 1 рет қана балама сыйлық бер­­ген. Ал менің 5 балам бар. Қал­­ған 33 жыл ішінде бірде-бір рет сыйақы алмадым. Сон­да жаңа жылда ұстаздарға сый жа­сауға бөлінген қаражат қай­да? Қала берді мұғалімдер ден­сау­лығына байланысты мұң-мұқ­­тажын айтып, кәсіподаққа жү­­гінгенде ешқандай көмек бер­мей­ді. Еңбек демалысы ке­зін­де сауықтыру орындарына бө­лін­ген жолдамаларды да өздері бел­гілейді. Қалаған жерімізге бару­ға мүмкіндік жоқ. Оның үс­тіне, жолдама ақысының 50%-ын кәсіподақ, қалғанын өзіміз тө­лейміз. Тегін жолдама жайында ес­ті­ген жоқпын», – дейді Майра Сәпек­қызы. Мұнда да Қожахмет Тайбо­ла­­тұлы­ның пікірін сұрадық. Ол сауық­тыру орындарына тегін жол­дама берілмейтінін атап өтті. Ал білім саласы қызметкері қай сауық­тыру орнына барамын десе де, өз еркінде екен. Тарих пәнінің мұғалімі Сұлтан Сү­леев Facebook парақшасында кә­сіподақ жұмысы туралы бір­не­ше рет жазба жариялаған. Жаз­ба­ларының бірінде кәсіподақтың түр-түрі барын жазып, Салалық бі­лім және ғылым қызметкерлері кә­сіподағына шүйліге бер­меуін сұ­ра­ған. Өйткені әлеу­мет­тік же­ліде министрлікке кә­сіп­­одақ­тың жайын тексеріңіз деп сұрау салып жүргендер көп. Сұл­тан Сү­леев жазбасында аудан­дық кә­сіподақ жауап беруі тиіс өті­ніш­ті неге республикалық кә­сіподақ қарауы қажетін нұс­қа­ған. Дұрыс-ақ. Дегенмен жо­ға­­рыдағы Майра Сәпекқызы сияқ­ты ұстаз­дар ауданнан керек жауа­бын алмаған соң облысқа ша­ғым­да­нады. Облыс жауап бер­ме­се, рес­публикалық ұйымға үн­деу тас­тауы заңды емес пе? Белсенді ұстаздар Мейіржан Те­­мірбек пен Айман Сағидулла да осы мәселені жиі көтеріп жүр. Facebook-те министрліктен кә­сіподақпен шартты қайта қа­рау туралы жазбасына пікір қал­дыр­ғанның дені – мұғалімдер. Мә­­селен, Ғабит Жүсіпәлиев ат­­ты мұғалім кәсіподақ барын біл­­се де, міндетін білмейтінін ашық жазған. Ол наурыз айын­да айлықтың есебін берсін деп кә­сіподаққа арыз жазған, нә­ти­­жесінде «бәлеқор» деген атақ ал­­ған екен. Мектептегі есепшіге Ең­­бек кодексі 113-бап туралы айт­­са да, жауап бермеген. Ал Ерлан Өмірсеріков Са­ла­лық білім кәсіподағы білім саласы қыз­меткерлерінің құқын қорғауда үл­кен жұмыс істеп жатқан кә­сіпо­дақтың бірі екенін жазған. Ауыл, аудан көлеміндегі кемшілік бас­тауыш ұйымдардың жұмыс ба­рысында жіберіп отырған қа­телігі екенін көрсеткен. Оның ай­туынша, әр кәсіподақ мүшесімен түсіндірме жұмысын жүргізіп, етене жақын болу – бастауыш ұйым басшысының міндеті.  

 width=Айзат АЙДАРҚЫЗЫ