Атырауда сот «пара алды» деп айыпталған бұрынғы полицейге қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды ATPress.kz. Полиция подполковнигін 17 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алып алып жатқан кезінде ұстаған болатын. Тергеу нұсқасы бойынша, ол аңшылық қаруын сақтауға және ұстауға рұқсат қағазын жылдам бергізу үшін 30 мың теңге алған. Судья полицейді кінәлі деп танып, алған парасынан 20 есе көп көлемде айыппұл (600 мың теңге) салды. Сондай-ақ, ол подполковник шенінен айырылып, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.