Жарты тонна өлі балықты көлден сүзіп алды
Жарты тонна өлі балықты көлден сүзіп алды
Фото: Интернеттен алынды
354
оқылды
Солтүстік Қазақстандағы Питное көлінен 500 келі өлі балық сүзіп алынды. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында: «2020 жылдың 18 мамырында СҚО мемлекеттік инспекторлары өңірдегі Питное көлінде балықтың қырылу фактісін тіркеді. Инспекция мамандары жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен, «Балық шаруашылығы НПЦ» ЖШС мамандарымен бірлесіп, аталмыш көлге зерттеу жүргізді. 500 келі өлі балық (мөңке балық) жинап алынды. Сүзіліп алынған балықтың бәрі жойылды», – деп жазады. Мамандар балықтың сынамасын алып, лабораториялық зерттеуге жолдаған. Балықтың неден қырылғанын зерттеген соң, себебін халыққа хабарлайды.